Педагог мәртебесін көтеру - жаңашыл педагогты қалыптастырудың жарқын жолы
Мектеп –өмір, ізгілікке бастайтын,
Білім-темір, мың жылда тот баспайтын.
Жан дүниеңе жиһаз жасап жинайтын,
Ұстаз-ұста, сом темірді жасқайтын.
Бір қызығы, осы дүниеден хабарсыз жаңа туған сәбиден өсе келе, бүкіл әлемді аузына қаратқан дана да, ұлы ойшыл да шығады. Өзіне ақыл толыстырып, білімін шыңдауда ол бір адамға ерекше қарыздар екенін ұмытпайды. Ол кім? Әрине, ол-ұстаз.Ұстаз-өз білгенін өзгелерге үйретуден еш жалықпайтын,шәкіртін өмірге баулушы, оған өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін егуші, қара мен ақты, жақсы мен жаманды, обал мен сауапты үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, өзінің тәжірибесімен бөлісетін адал жанашыры, әрі ақылшысы. Жалпы айтқанда, бүгінгі қоғамды алға сүйрейтін озық ойлы шәкірт тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы тұлға.Ұстаз –пәнді үйретумен ғана шектелмей, шәкірттеріне өмірлеріне дұрыс ақыл-кеңес беріп,адамгершілік пен мейірімділікке, имандылыққа қатар баулыған, жүріс-тұрысы,мінезімен жақсы үлгі-өнегесін көрсеткен.
Оқу, білім, ғылым, мәдениет, әдеп, тәрбие-бәрін ұстаздан үйренген шәкірт ұстазды өз ата-анасынан кем көрмеген.Ұстаздың алғысын алмаса, алған ілімнің берекесін көре алмайтындығына сенген.
Мектеп-анаң,мейірлене сүйетін,
Саған арнар ақ тілегін, ниетін.
Тек соған іи, мынау көркем тірлікте,
Кезі келсе, өр басыңды иетін.
Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұратыны анық. Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүруге, қиындыққа төтеп бере білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. «Ұстазы мейірлі болса, шәкірті пейілді болар» деген аталы сөздің сөзі ұстаз бен шәкірттің арасындағы сүйіспеншілікті көрсетеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Еліміздің ертеңі-жас ұрпақтың қолында,жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздың қолында» деген ұлағатты сөзінің астарында салмақты ой жатыр емес пе?! Педагог мәртебесін көтеру- жаңашыл педагогты қалыптастырудың жарқын жолы .Себебі, жас ұрпаққа білім беретін әрбір педагог асқан талғампаздықпен, шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасаса, одан асқан бақыт бар ма! Мәртебелі мұғалім бейнесін көру, оған талап қою, мектептегі басшы талабының бір формасы болуы тиіс. Мектепке келетін әрбір маманға талап қою, мамандығы аясында конкурс ұйымдастыру, мектептің қамқоршылық кеңестері мен білім бөлімінің мамандарымен бірлесіп нақты жұмыс жасау арқылы жұмысқа қабылдау қажет.Сонда ғана педагог мәртебесінің жарқын үлгісін көре аламыз деп ойлаймын.
Жаңашылдық есіледі ісінен,
Педагогтар қай істе де көсілген.
Рухани азық сыйлар ұрпаққа,
Педагогтар жасай берсін ісімен.
«Адамдардың ең жақсысы-басқаларға пайдасы тигені» дегендей ертеңгі өмірдің нұрлы, баянды да бақытты болуын қалаған әрбір пенде ұстазға құрметпен қарауды, оған құрмет көрсетуді өзіне қастерлі борыш деп есептеуі тиіс.
Есенбаева Багила Ауезхановна