Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Педагогтарға арналған «Шығармашылық қабілеттерін шыңдау» психологиялық тренингі
Педагогтарға арналған «Шығармашылық қабілеттерін шыңдау» психологиялық тренингі

Шығармашылық мүмкіндік – креативтілік (ағылшын тілінен енген creativity~ адамның нәрсені жаңа тұрғыда көру. Бүгін біз тренинг барысында өзіміздің шығармашылық ойлау, қиялдау, байқағыштық қабілеттерімізді белсенді түрде көрсетуге тырысамыз, біздер қарапайым заттарды қолданудағы өзгеше әдістерді іздейтін боламыз.
Әрбір қатысушы өзінің деректеме карточкасын жасайды, яғни онда өзінің тренинг барысындағы есімін жазып (өзі қалай атағысы келсе, солай атайды; өзі атымен бе, досының аты ма, әдеби кейіпкер ме, саяси қайраткер ме) және өзін схема түрінде зат, гүл, жануар түрінде бейнелеуі керек.
Енді танысайық. Сіздің есіміңіз кім және өзіңізді не нәрсеге байланыстырып бейнеледіңіз?

Сергіту жаттығуы. «Әліпби» ойыны.
Мақсат: шапшаң ойлау қабілетімізді дамытуға, әліпби әріптерінің реттілігін сақтауға және де біріккен сөз ойлау механизмін жетілдіреді.
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Бұл жаттығуды орындауға әліпби білімін жетік білуді қажет етеді. Бәріміз білеміз бе? Жақсы, онда ойынымызды бастаймыз. Мен «А» әріпінен келетін зат есімді айтамын, әрі қарай шеңбер бойымен әрқайсыңыз біріккен - сөз айтуыңыз керек, яғни мен «А» әрпінен келетін зат есім айтсам, келесі адам «Б» әрпінен келетін біріккен - сөз айтуы керек, әрі қарай «В» әрпіне, солай әрі қарай жалғаса береді. Соңында бізде зат есімнен әліпби шығады.

«Сіз кімсіз?» ойыны.
Мақсат: мінез - құлық айқындылығын дамытуға мүмкіндік береді және іс - әрекет жасауда зейінді болуға баулиды.
Бұл ойын арқылы жұпқа бөлінеміз.
Қатысушылар шеңберге отырады.
Нұсқау: «Мен сіздерге үлестірмелі қағаз таратамын, онда жануардың аты жазылған. Бір жануардың аты екі үлестірмелі қағазда қайталанады. Мысалға, сіздің үлестірмелі қағазыңызда «піл» деген жануардың аты жазылған болса, сондай жазылған үлестірмелі қағаз екінші адамда бар екенін біліңіз».
«Жазуды оқыңыз, бірақ өзіңіз ғана көруіңіз қажет. Енді үлестірмелі қағазды алып тастаңыз, сіздің міндетіңіз – екінші жұбыңызды табу, онда сіз кел - келген айқындайтын әдісті қолдануыңызға болады, тек жануарыңыздың дыбысын салып немесе сөйлеуге болмайды»
Сіз бұның бәрін үндемей жүріп, орындайсыз. Жұбыңызды тапсаңыз, қасына үндемей тұра қалыңыз, ешқандай сөйлеспейсіз. Барлық қатысушы жұптарын тапқаннан кейін, жүргізуші кезекпен қатысушылардан «Сіз кімсіз?» деп сұрайды.
Бұл жаттығу көңілді өтеді, өйткені қатысушылардың көңіл - күйлері көтеріліп, шаршағандарын басады. Ойын аяқталғаннан кейін қатысушылармен алған әсерлерімен бөлісуге болады. Қатысушыларға бір - бірін қалай тапқандары туралы айтуларына болады.

«Өлең құрастыру» жаттығуы.
Мақсат: шығармашылыққа, икемділікке, ойлау қабілеттерінің шыңдалуын дамыту.
Өлеңді жалғастыру керек, Берілетін уақыт 5 минут.
Ертеңгісіннен көңіл - күй жоқ,
Боянуға шама жоқ......
Жолдасыммен мен бірге,
Шыққым келді бір жерге........
Көктемде барлық жерде шалшық,
Бұлақта кеме жүзуде.....
Арықтағым келіп мен,
отырдым мен диетаға.......
Жұмыстан кейін мен,
Шапшаңдатып қайтқым келді......
Бәрін мен таңқалдырып,
Француз сорпасын пісіргім келді........
Ата - аналар баласына күйіп - пісіп,
Жоғалтады жүрек жылуын......

Музыкалық сәт.
Мақсат: шығармашылық икемділігі мен ойлау қабілетінің шапшаңдығын анықтау.
Мен бір өлеңдердің әуенін қосам, сіздер қандай өлең, қандай мултьфильм мен кинофильмнен екенін табуларың қажет және өлең жолдарынн айтып бересіз.
1. «Қызыл телпек» ертегісі
2. «Вини - пух» м\ф
3. «Кавказ тұтқыны» к\ф
4. «Брилиантты қол» к\ф
5. «Д’Артаньян және оның үш досы»» к\ф
6. «Чебурашка» м\ф
7. «Буратино» м\ф

«Суперскрипка» жаттығуы.
Мақсат: шығармашылық икемділік пен ойлау қабілетінің шапшаңдығын анықтау.
Нұсқау: екі топқа бөлінеді, әрбір топқа А - 4 қағазы беріледі. («Сіздің міндетіңіз – ақ қағазға канцелярлық скрипканың қатар қолдана алатын әдістерінің барлық түрін жазу). Берілетін уақыт 2 минут. Жаттығу аяқталғаннан кейін, барлық топ мүшелері өздерінің жазған нұсқаларын оқиды. Қай топта скрипканың ерекше қолданылу әдістері болса, сол топ жеңімпаз болады.

«Креативті (шығармашыл) адамның портреті» жаттығуы.
Топ екі топқа бөлінеді. Ватман қағазға креативті адамның суретін бейнелеу. Бейнелеуге 10 минут уақыт беріледі. Әрбір команда өз суретін таныстырады.
Талқылау.
Бүгінгі тренингтен қандай әсер алдық?
Не ұнады, не ұнаған жоқ?
Шығармашыл адамды бейнелеу қиынға соқты ма?

Ақтөбе қаласы,
№1 орта мектеп педагог - психологы
Нурмаханова Жанат Тажмухановна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама