Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
4 - сынып оқушыларымен жүргізген ағылшын тілі пәнінен факультатив сабақтар жоспары.
4 - сынып оқушыларымен жүргізген ағылшын тілі пәнінен факультатив сабақтар жоспары.
Тақырыбы:
1. Greeting.(Lesson 1)
2. Introducing (Lesson 2) What is your name?
3. Number.(Lesson 3)"How old are you?"

1. Greeting.(Lesson 1)
Сабақта электронды құралдар қолданылады:
• Көрнекілік құралдар ретінде суреттер;
• Интерактивті жаттығулар(сабақта оқушыларға жаттығуларды дұрыс жасауға және өзін - өзі тексеруге қажетті және заман талабына сай құрал)
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік мақсаты: Жаңа өмірге болған көз қарасын дамыту. Жаңа өмірге құштарлығын арттыру.
Дамытушылық мақсаты: Алған білімдеріне талдау жасауға және білімдерін дамытуға үйрету..
Оқулық мақсаты: Ағылшын тілінде сөйлеуге және түсінуге мүмкіндік туғызу.
Сабақтың тапсырмасы:
1. Оқушылармен еркін жұмыс формуласын ұйымдастыру.
2. Естігендерін тәжірибеде қолдану.
3. Оқуға дағдылау.
4. Сұрақ - жауап жаттығуларын жасау.
5. Сұрақ - жауап арқылы диалогты қалыптастыру.
Қолданылған құралдар:
• Тақырып бойынша суреттер,
• Дыбысты таспалар,
• компьютер, проектор, экран,
• презентация, Microsoft Power Point программасын қолдану,

1. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім тақырыпты және тапсырманы жариялайды.
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар! Бүгін біз сіздермен ағылшын тілінде амандасуды және қоштасуды үйренеміз. Ағылшын тілінде
Good morning!
Good afternoon!
Good evening!
Hello! Hi!
Good bye!
Bye - bye!

2. Экранда келтірілген мысалдардың анализдері. Мұғалім оқушылардан экранда көргендерін мұғалімнің көмегімен оқуды ұсынады.
(1 - слайд).
Таңертең: Good morning!

Түсте: Good afternoon!
Кешке: Good evening!
Достармен немесе жақындарымен: Hello! Hi!

Қоштасу: Good bye! Bye - bye!

3. Жұптық жұмыс. Мұғалім оқушылармен амандысып шығады және суретте көрсетілгендей бір - бірлерімен амандасуға үйретеді 2 - слайд).
4. Фонетикалық жаттығу. Now let’s train our pronunciation.
Мұғалім дыбыс жазылған таспаны қосады. (3 - слайд)
Good morning!
Good afternoon!
Good evening!
Hello! Hi!
Good bye!
Bye - bye!

5. Өлең тыңдап үйрену. Мұғалім оқушыларға экранда көрсетілген өлең шумақтарын тыңдап қайталуды уйретеді. (4 - слайд)

Good morning! Good morning!
Good morning, to you!
Good morning! Good morning!
I am glad to see you!
6. Суретке қарап кімнің қалай амандасып жатырғанын айту. Мұғалім экранда көрсетілген суреттерге комментарий жасауды сұрайды. (5 - слайд)
*Hi.-
*Hello.-
*Good morning!-
*Good afternoon!-
*Governing! –

7. Топпен жұмыс. Мұғалім оқушыларға интерактивті тақтада қалай жұмыс жасауды үйретеді. Интерактивті тақтада топқа бөлініп жұмыс жасау. Суретте көрсетілген уақыттарға қарап амандасу турлерін қойып шығады.
(6 - слайд).

8. Демалыс жаттығулары. Мұғалім айтып тұрады және әрекеттермен көрсетеді.
Stand up!
Hands up!
Hands out!
Hands down!
Sit down!

9. Суреттерге қарай жұптық жұмыс жасау. Мұғалім оқушыларға сурет таратып береді. Суретке қарап оқушылар бір - бірімен амандасады. Тапсырма: Диалог жасау.
P 1. Hello!
P 2. Hello!
P 1. Good morning!
P 2. Good morning!
P1. Good afternoon!
P2. Good afternoon!

4 - сынып оқушыларымен жүргізген ағылшын тілі пәнінен факультатив сабақтар жоспары. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама