Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Презентацияны графикалық объектілермен безендіру
Сабақтың тақырыбы: Презентацияны графикалық объектілермен безендіру
(Сарамандық жұмыс)

Сабақтың мақсаты: Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосуын, мәтін енгізу слайдқа музыка және бейнеклиптер енгізу әрекеттерін орындатып үйрету. Презентацияны безендіру тәсілдерін үйрену. Оқушылардың PowerPoint бағдарламасымен жұмыс істе дағдысын қалыптастыру, білімдерін тексеру
Сабақтың көрнекілігі: Тақта, плакат, компьютер, слайдтар.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгіме, көрнекі көрсету, тест жұмысы,
жазбаша тапсырмалар, компьютермен жұмыс
Сабақтың түрі: сарамандық

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Бақылау сұрақтары
2. Шығармашылық тапсырма
2. 1 Мәзірді құрастыру
3. Презентация жасау
4. Өзін - өзі тексеру
5. Тест жұмысы
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма

Бақылау сұрақтары
1. Слайд - фильм дегеніміз не?
2. Презентация жасағанда қандай ұсыныстарды ескеру керек?
3. Презентация жасау үшін қандай әрекеттер орындау керек?
4. Power Point менюін түсіндір?
5. Слайд көрсетудің неше әдісі бар?

СЛАЙД - ФИЛЬМ ДЕГЕНІМІЗ НЕ
Слайд дегеніміз — тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық үзінділерді, бейнеклиптерді жене гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект. Әр слайдқа жазбалар беттері беріледі, оған жасау кезінде де, көрсету кезінде де түсіндірме мәтінді енгізуге болады. Бүл мәтін презентацияның (тұсаукесердің) негізгі сәттерін және оларға қатысты жағдайларды түсіру үшін қолданылады. Жазбалар беттерін слайдтардың кез келген саны үшін қүруға, мысалы, оларға презентацияда сүйемелдейтін сценарийді жазуға болады.
Әдетте, белгілі тақырып бойынша бірыңғай стильде безендірілген слайдтардың және тиісті жолдама материалдарға (презентация жоспарына, баяндамашы ескертпелеріне, тыңдаушыларға үлестірілетін материалдарға) сәйкес келетін слайдтардың жиынтығы презентация деп аталады.

Презентация жасағанда мына ұсыныстарды ескеру керек:

• презентацияны алдын ала жоспарлау - оның мақсаты мен жалпы мазмұнын анық білу;
• әр слайд мәнді және есте қаларлықтай болуы керек;
• слайдтағы ақпарат қысқа және қарапайым болғаны жөн;
• импортталатын бейне пішімін таңдағанда көрсету құралының мүмкіндіктерін ескеру;
• кескіндегі объект фоннан түсі бойынша ерекшеленуі керек;
• фотокескінді редакциялау үшін арнайы программаларды қолдану тиімді
• слайдты безендіру үшін кереғар және үйлесімді түстерді таңдау;

Презентация жасау үшін мына әрекеттерді орындау керек:
1. Power Point - ті іске қосу. Егер ол жұмыс істеп тұрса, Файл - Создать командасын таңдау.
2. Презентация қосымшасында бетінде оның тақырыбына ең сәйкес презентация шаблонын таңдау.
3. Слайдтар тәртібіне өтіп, слайд тақырыбында барды ерекшелеп, өз тақырыбыңды теру.
4. Әр слайдта үлгі мәтіннің орнына қажетті мәтінді теру. Келесі немесе алдыңғы слайдқа өту үшін слайдтар бойынша жылжу батырмаларын пайдалану.
5. Жазбалар тәртібіне өтіп, ағымдағы слайдқа түсінік беру.
6. Құрылым тәртібіне өтіп, презентация жоспарын қарап шығу.
7. Слайдтарды сұрыптау тәртібіне өтіп, слайдтардың орналасу ретін өзгерту.
8. Презентация экранда қалай көрінетінін көру үшін Роwer Роіnt терезесінің астындағы қарау батырмасын шерту. Слайдты қолмен алмастыру үшін үстінен шерту немесе Вид - Показ слайдов командасын орындау.
9. Дайын презентацияны көрсетуді аяқтау.

Солтүстік Қазақстан облысы,
Айыртау ауданы, Златогор орта мектебі
Мағзұм Нұрланбек

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама