Қиял арманға жетелейді
Қиял арманға жетелейді
(3 сыныпқа арналған «Өзін - өзі тану» сабағы)
Құндылығы: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: батылдық, қамқорлық, еңбекшіл, талаптылық
Мақсаты: Оқушылардың қиял мен арман туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділігі: оқушыларға қиял мен арманның маңыздылығын түсіндіру арқылы қамқорлыққа баулу
Дамытушылығы: оқушыларды жақсы қиялдар мен армандарға жетелей отырып, батылдық қасиетін дамыту.
Тәрбиелілігі: оқушыларды батылдыққа, еңбекшіл болуға, қамқор, талапты болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды топқа бөлу. Әр түсті лентаны тарату. Бір түс лента алғандар бір топқа отыру.
1. 5 Т ережесі: Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық
Тыныштық сәті. «Теңіз түбіне саяхат»
2. Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген «Ана қиялы» (аңыз) тақырыбын сұрау. Сұрақтар:
- Әңгімеде қандай оқиға баяндалған?
- Ана қиялы қандай ниеттен пайда болды деп ойлайсыңдар?
- Ана өз арманын балаларына қалай жеткізді?
- Өз өмірлеріңде қандай қиялдарың армандарға ұласты?
- Армандарыңды жүзеге асыру үшін сендер не істеулерің керек? Дәйексөз:
«Армансыз адам болмайды»
(Халық мақалы)
Мақалды ер балалар бір рет, қыз балалар бір рет қайталап айту
- Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
Дәптерлеріне жазып алу Әңгімелеу (сұхбат)
Нағыз дос. (оқушылар шығармашылығынан)
Кішкентай Марат пен Дархан көрші тұратын достар еді. Екеуі ылғи теледидарды бірге көріп, кітаптарды қызықтайды. Бірақ Дархан денсаулығына байланысты далаға көп шықпаушы еді. Бір күні Марат өзінің қатарластарымен бірге орманға саяхатқа барады. Ол гүлдерді қызықтап отырып бір көбелекті ұстап алады да, «қолыма түстің бе, енді мен сені жібермеймін, досым Дарханға апарып беремін»- дейді. Бір кезде көбелек сөйлегендей болады, «жіберші мені, Марат, мен сенің үш тілегіңді орындаймын». Марат мәз болып, «маған велосипед керек»- дейді. Көбелек өз жөніне ұшып кетеді. Кешкісін Марат үйіне келсе, әкесі оған расында да, велосипед сатып әперіпті. Ол қуанып, велосипедімен ары - бері, Дархан досының терезесінің алдынан өтеді. Досының мұңлы көзін көріп, велосипедімен орманға келіп, көбелектерді ұстап алмақшы болып, қуалап еді, ұстай алмады. Содан «көбелек, көбелек» деп айқай салып, «маған велосипед керек емес, маған ұялы телефон керек»- дейді. Үйіне келсе, расында да, анасы оған ұялы телефон сыйлайды. Марат қуанып Дарханға жүгіреді, оған ұялны телефонын көрсетіп, екеуі мәз болады. Біраз уақыт өткенен кейін Марат далаға шығып кетіп, Дархан болса күрсініп үйінде қала береді. Ертеңіне Марат тағы да орманға келіп, «көбелек, көбелек» деп айғай салып, жылап «маған велосипед те, ұялы телефон да керек емес, маған менің досым Дархан басқа балалар сияқты, далаға шығып ойнайтын болса, арманым болмас еді»дейді.
Үйіне келсе ата - анасы оған «Дархан ертең шетелге дәрігерлерге көрінуге баратын болды»- деп айтады. Ертесіне Марат досы Дарханды шығарып салады. Марат Дарханның келуін тағатсыздана күтеді. Бір күні Марат үйінде ұйықтап жатса, өз есімін атап шақырған дауыстан оянып кетеді. Көзін ашса қарсы алдында досы Дархан тұрады. Қуанып кеткен Марат «ертең ормандағы көбелекке алғысымды айтуға барамын» деп ойлады.
Сұрақтары:
- Маратқа орманда не кездесті?
- Көбелек Маратқа неліктен көмектесті?
- Сен досыңа қандай көмек жасадың?
- Өз өміріңде армандарыңның шындыққа ұласқан кезі болды ма?
- Мараттың бойынан қандай қасиет көруге болады?
Шығармашылық іс - әрекет, топтық жұмыс.
Жаттығу - ойлану
Оқушылардың шығармашылық тұрғыдан қиялдарын дамыту мен оларды жақсы өмірге ұмтылдыру мақсатында жаттығу - ойлану ұйымдастырылады.
Тапсырмалар әр топқа бөліп беріледі.
Сол тапсырмалар бойынша балалар ақ параққа өз ойларын жазады.
1 - топ. Менің қиялымдағы болашақтағы адамдар.
2 - топ. Менің қиялымдағы болашақтағы оқушылар.
3 - топ. Менің қиялымдағы болашақтағы әлем.
Топпен ән айту. «Ертегілер әлемі» сөзі мен әнін шығарған: Е. Елгезеков
Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім,
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы көркем,
Әдемі еді неткен,
Құстары сөйлейді,
Бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!
Қ/сы:
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?

Гүл тердім бұлттардан,
Әр гүлде бір арман,
Таусылмайтын тәтті,
Сый әкеліп жатты
Жан біткеннің бәрі маған.
Үй тапсырмасы: оқулықтың 27 бетіндегі Ә. Табылдиевтің «Ата өсиеті» әңгімесін оқып келу.
Сабақтың қорытынды сәті:
Мұғалім: - Оқушылар, бір сәт осы сабақ барысында алған шынайы әсерлеріңді, айтылған дұрыс әрекеттерден шыққан ойларыңды жүректеріңе түйіп алыңдар. Сабақ аяқталды, сабаққа белсенді қатысқандарың үшін рахмет!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Абай атындағы №90 орта мектебінің
«Өзін - өзі тану» пәнінің мұғалімі Ш. Кеулімжай