- 28 қар. 2019 00:00
- 193
Қабырғадағы шеге
Бір күні Қожанасыр үйін сатпақ болады, бірақ иелік қағазда бір шарт жазылуы қажет екен. Бұл шарт бойынша, үлкен бөлмедегі шеге Қожаның иелігінде қалады. Бұл шегені Қожа өз қалауынша пайдалана алады.
Үйдің жаңа иесі Қожанасырды алаңғасар екен дейді де, бұл шартты иелік ету қағазына түсіреді.
Бірнеше жыл өтеді. Қожанасыр шеге туралы дәнеңе демейді. Бір күні үй иесі ұлын үйлендіріп, той жасайды. Той әбден қызған кезде Қожанасыр есік кағыпты. Есікті ашса, есектің шіри бастаған өлігін сүйреткен Қожанасыр тұр. Қонақтар аң- таң. Үй иесі ызадан жарылуға шақ тұр. Қожанасырға бақыра бастайды. Қожанасыр:
— Есегім өліп қалды. Оның терісін сыпыру үшін, ана шегеге ілуге алып келдім. Сіздің қарсы болуға хақыңыз жоқ. Үйге иелік ету қағазына қараңыз, — дейді.
Мына жағдайдан құтылу үшін үй иесі Қожанасырды қайткенде шығарып салмақ болады. Ол барлық тәтті дәмдерін мұның алдына тосып, үйдің жарты бағасын төлеп, әрең дегенде құтылған екен.