Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сараң тез алданады

Қожанасырдың бірнеше қойы бар. Қыс өте суық. Малға жем жетіспейді. Тек ауыл молдасында ғана жем мол екен. Қожанасыр молдаға барып:

— Қымбатты молда, мен әбден қартайдым, көп ұзамай дүниеден өтермін. Менің қойларымды өзіңе ал да, мен өлгенде, жаназамды шығарарсың, — дейді.

Молда келіскен соң, Қожанасыр қойларын соның қорасына алып келеді.

Көктем шығып, күннің көзі жыли бастайды. Бір күні Қожанасыр қоржынын арқалап молдаға келіпті:

— Молда, мен алыс сапарға шыққалы тұрмын, сенің менімен жүруің керек, — дейді.

— Менің неге баруым керек? — деп аң-таң болады молда.

— Мен жол-жөнекей шейіт кетсем, сен менің жаназамды шығаруың керек қой, — дейді бұл.

Молда тарс ашуланып:

— Қойларыңды алып кет! — деп айқайлайды Қожанасырға.

Қожанасырдың күткені де осы еді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама