- 05 нау. 2024 01:28
- 166
Қадыр Мырза Әли "Күз"
Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әли «Күз»
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрету, өлеңдегі негізгі ойды анықтай білуге, түсінгенін жүйелі түрде баяндай білуге үйрету.
Дамытушылық. Оқушының таным белсенділігін арттыру, шығармашылық қиялын жүйелеу, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелілік. Адамгершілікке, табиғатты аялауға, қамқорлық жасауға үйрету.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: көрсету, сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, қазақ тілі
Сабақтың көрнекілігі: INSERT стратегиясы, Венн диаграммасы, интерактивті тақта,
слайдтар
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылар назарын сабаққа аударту.
Ақыл - ойын дананың,
Ана тілден аламыз.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның - деп ақын ағаларымыз жырлағандай қазір бізге ана тілі сабағы. Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болып өтеді. Себебі, біз қазір «Білім» кемесімен жүзе отырып, «Ана тілі» теңізіне саяхатқа шығамыз.
II. Негізгі бөлім.
Тақтадан «Ана тілі»теңізі мен ондағы аралдарды таныстыру.
- Саяхатқа шығуға дайынбыз ба? Ендеше бәріміз бірге ұранымызды айтайық.
Біз ақылды баламыз,
Еңбексүйгіш боламыз.
«Білім» атты кемемен,
Саяхатқа шығамыз.
Алдағы аралдардан өтіп, олардың құпия сырын ашуымыз керек.
1 - арал -«Білгірлер»аралының тапсырмасы - үй тапсырмасы.
Оқушылардан «Қанжығалы Бөгенбай» мәтінінің мазмұнын сұрау. Үй тапсырмасын қорыту барысында INSERT стратегиясын қолдану.
1. Қабанбайдың шын аты
2.«Ағашта биіктікті айтсаң қарағайды айт,
Жігіттік ерлікті айтсаң, Бөгенбайды айт»- деп Бөгенбайға мінездеме берген жырау
3. Бұқар жырау«Құлағанға ұқсайды, қазақтың қамал қорғаны»деп кімді жоқтады?
«Білгірлер» аралының құпия сыры -«бес қару» суреті. Оқушылар 5 қаруды атайды.
2 - арал -«Алғырлар». Тапсырмасы - сиқырлы сандарды ашып, жасырынған сөзді табу. 7, 9, 6 сандарының квадратын табу арқылы «күз» сөзін шығару.
Оқушылардан күз туралы білетін өлеңдерін, күздегі табиғат құбылыстарын, күзгі еңбек түрлерін, күзгі мерекелерді сұрау.
«Алғырлар»аралының құпия сыры -«жасыл жапырақ - сары жапырақ» Оқушылар суретке қарап, өздері қорытынды жасайды. Саяхатты жалғастыра отырып, сергіп
алу.
Жаңылтпаш
Көк базарда күзде бәрі бар,
Барып, барың бәрін ал
Жұмбақтар
Арлы - берлі қақпаны,
Тербетіп - ақ жатқаны.
/жел/
Қанатсыз құс маңып барады.
Көзінен жас тамып барады.
/жаңбыр/
Тығылып көкте қара құс,
Ағылып ұшып барады.
Қағып - қағып қанатын,
Күннің көзін жабады.
/бұлт/
3 - арал -«Тапқырлар»аралы. Оның тапсырмасы -«Күз»өлеңін оқу.
- Жылдарға шолу арқылы автор жөнінде түсінік беру
- Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы
- Оқушыларға өлеңді іштей оқыту
- Дауыстап, тізбектей оқыту
- Тапсырмалар мен сұрақтарды орындау
-«Венн»диаграммасы арқылы күз бен жаз мезгілдерін салыстыру
«Тапқырлар»аралының құпия сыры - «Боқырау» сөзі. Боқырау сөзіне түсінік беру.
4 - арал -«Жүйріктер»аралы.
Тапсырмасы: 1 - қатар -«Күз»туралы мақалдар жазу
2 - қатар -«Күз»тақырыбына шығарма жазу
3 - қатар -«Күз»тақырыбына өлең шығару
«Жүйріктер» аралының құпия сыры -«Сабантой»сөзі. Сабантой сөзіне түсінік беру.
Оқушыларға саяхаттың аяқталғанын хабарлау, саяхат несімен ұнағанын сұрау.
III. Үй тапсырмасын беру.
Қ. Мырза Әлидің «Күз» өлеңін жаттау.
IV. Оқушыларды бағалау.
V. Қорытындылау. «Күз»сөзіне топтастыру құру.
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!- деп
Қадыр Мырза Әли атамыз айтқандай ана тілімізді құрметтеп, қастерлеп жүрейік балалар!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.