Photo: Markus Winkler (https://www.pexels.com/@markus-winkler-1430818) / Pexels
- 12 қаң. 2026 13:02
- 15
Қайрат Әділгерейдің әйелі желіде сынға ұшырады: бейнежазба жұртты дүрліктірді
Әнші Бақыт Тұрманның күйеуі Қайрат Әділгереймен бірге түсірген видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бұл бейнежазбада әншінің жұбайының басынан теуіп өткені байқалады. Көпшілік бұл әрекетті орынсыз деп бағалап, сынға алды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі қолданушыларының пікірі
Кейбір қолданушылар мұндай әрекетті тренд үшін тым артық деп санаса, басқалары оны әзіл ретінде қабылдады. "Ойнасаңда ер адамның басына тепкенің дұрыс болмады", "Ер адамға аяқ көтеру дұрыс емес", - деп жазды пікір білдірушілер.
Ал кейбіреулер бұл видеоны қалжың ретінде түсініп, әншіні қорғап шықты. "Хит боламын деп ит болды деген осы шығар", - деп жазды тағы бір қолданушы.