Қажымұқан. Н. Есенов
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қажымұқан. Н. Есенов
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға шығарма мазмұнымен таныса отырып, оның идеясын анықтату. Ой ұшқырлығы мен тапқырлығы арқылы кез - келген жағдайдан шыға білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Әңгіменің идеясын анықтайды. Қажымұқан туралы мәлімет алып, мақтаныш сезімі оянады. Ұлы тұлғадан үлгі алады. Өз Отанының патриоты болуға тәрбиеленеді.
Әдіс - тәсілдер: Топтық жұмыс, шығармашылық тапсырма, тест.
Ресурстар: Әдебиеттік оқу 2 - сынып оқулығы, ноутбуктар, стикерлер, қағаздан мозайка
Қызығушылығын ояту Мозайка әдісі арқылы
2 топқа бөлу
Тақырыпқа шығу Мозайкада құрастырылған суреттен не байқадыңдар?
Сабақтың тақырыбы қандай болмақ?
Қандай атақты палуанды білесіңдер?
Бағалау парағын тарату Бағалау парағын смайликтер арқылы жүзеге асады.
Мәтінмен жұмыс Автормен таныстыру. Интернет желісінен ақпарат тапқызу.
Бөлімдер бойынша оқыту.
1 - бөлім.
- Мұрат атасына неге таңқалды?
- Тастар қайда болды?
2 - бөлім.
- Көктөбе дегеніміз не?
- Көктөбеде нелер жатыр?
- Ауыл адамдары мұнда не істейді?
3 - бөлім.
- Мұрат атасына қандай сұрақ қойды?
- Атасы қай кезеңді баяндайды?
- Ауылға қандай хабар таралады?
- ауыл адамдары қайда жиналды?
4 - бөлім.
- Күш тасын танымас деген мақалды қалай түсінесіңдер?
- палуан қандай өнерін көрсетті.
5 - бөлім
Жұрт неге демін ішіне тартты?
Ел неге қошемет көрсетті?
- Алақанның табы қалған дегенді қалай түсінесіңдер?
Автордың айтайын деген ойы не?
Қажымұқанның өмірі туралы қысқаша түсініктеме беру.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді.
Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған.
1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды.
1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы Буэнос - Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте чемпион атанады.
1911 жылы Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбулға барады. Сол кезеңде әлемде түрік палуандарынан мықты палуандар жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық, ол жаққа орыс палуандары аяқ баспайтын - ды. Осы ретте намысқой Қажымұқан өзі түркі халқының өкілі ретінде Түркияға баруға бел буады.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Қажымұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевқа жолығып, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» — деген ұсыныс айтады. Бұл ұсынысты үкімет қолдап, екі жылға жуық жүріп цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сомдай ақша тауып майданға жолдайды.
Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған.
Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса, оның Мұқан Мұңайтпасұлы деген шын есімі әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен жазылар еді. Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнап, жеңіс тұғырынан түспеген дара тұлға — қазақтың нағыз хас батыры.
Мектеп: Тіленшін орта мектебі
Мұғалім: Жакупова Ш. С.
Қажымұқан. Н. Есенов жүктеу