- 20 жел. 2019 00:00
- 202
Қаламгерлер сайысының желтоқсан айындағы кезекті жеңімпазы анықталды
Bilim-all.kz және Bilimland.kz сайттары бірлесе ұйымдастырып отырған Эссе және өлең-жыр байқауының тағы бір үздік туындысы анықталды. «Өткінші өмір» атты өлеңінің авторы – Тағыберген Нұрлыбек желтоқсан айының кезекті жеңімпазы атанып отыр!
Үздік деп танылған туындыны назарларыңызға ұсынамыз:
Өткінші өмір
Өткінші өмір,өткінші жаңбыр секілді,
Бүгін бақыт,ертең қайғы өтпелі.
Келмек барда,кетпек барын ұмытпа
Сол себепті бағала сен бес күнді.
Өткінші өмір бейне берер басыңа,
Қарамайды-ау үлкен-кіші жасыңа
Өткінші өмір,өткінші жаңбыр секілді
Өткінші өмір,өтіпте жатыр асыға.
Баймын деп сен,жарлыны кеп басынба.
Боларға ұмтыл,байлығыңмен шалқыма.
Өткінші өмір,өткінші жаңбыр секілді
Байлығың да мәңгі болмас қасыңда.
Өмірде бар,тумақ,өлмек,қартаймақ,
Бақыт,арман,рахат және махаббат.
Өткінші өмір,өткінші жаңбыр секілді,
Өткінші өмір,өтіпте жатыр сырғанап.
Қолда бардың қадірін біл адамзат,
Уақыттың біл жоқ екенін шалқаймақ
Өткінші өмір,өткінші жаңбыр секілді,
Сол себепті уақытта жоқ талтаймақ.
Өткінші өмір,өтіп жатыр байқалмай
Адамдар жүр оныда бір байқамай
Өткінші өмір,өткінші жаңбыр секілді,
Өтер өмір,ешкімнен жөн сұрамай.
Өмір сынақ барша жұртқа белгілі,
Өмір аман алмай қоймас ешкімді
Бір нәрсеге анық көзім жетеді
Өткінші өмір,өткінші жаңбыр секілді.
(Автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)
Жеңімпазды құттықтаймыз!
Сыйлықты алу үшін bilimland.kz сайтымен байланысуыңызды сұраймыз!
Ескерту! Құрметті қатысушылар, өлең енгізу барысында, ілмектер өрісіне bilim2019 ілмегін (қатесіз, тырнақшасыз, пробелсіз) міндетті түрде қосыңыздар (кері жағдайда сайысқа қатыспады деп есептеледі.)! Ілмек үтір арқылы қойылады. Мысалы: bilim2019, туған жер, ел, ... деп. Одан бөлек, авторы деген ұяшықты бос қалдырып, авторы өзім дегенді де (жазудың үстіне басу керек) басыңыздар.
Эссе енгізу барысында сайыс2019 деген бөлімді таңдауды ұмытып кетпеңіздер.(кері жағдайда сайысқа қатыспады деп есептеледі.) Авторы деген ұяшықты бос қалдырыңыздар.
Барлық талаптармен Қаламгерлер сайысы сілтемесі арқылы өтіп, толығырақ танысуға кеңес береміз.