- 21 жел. 2019 00:00
- 237
Мен оқыған бір кітап...
Мұхтар Мағауиннің "Тазының өлімі" атты туындысында адалдық пен екіжүзділіктің,қамқорлық пен тасжүректіліктің шынайы болмысы ашыла білген. Қарымды қаламгер адамзаттың жақын серігінің көрген қиыншылықтарын айқындай түсіп,мейірім мен қайырымды,сүйіспеншілік пен тағдыр толқынына қасқайып қарсы тұруды осы бір қасиетті жануардан үйрену қажеттігін бедерлеп,оқырман санасына ащы шындықтың дәмін жеткізген. Қоғамдық идеологияның тұстары да шығармада көрініс тапты. Тазының аңғалдығы мен қайтпас қаһары шығарманың негізгі мәнін әспеттей түсті. Әсіресе,иесімен өткерген аңшылық жайында және айбат шексе де оның қадірін түсірмей қолынан келгенінің барлығын істеп бағуы- "Жаныңдағы жаман әйелден,қасыңдағы кие тұтар жануарың артық" деген нақыл сөзді еріксіз тудырады. Шынында да иесінің көзі кеткеннен Кәмиланың жанды жаралар опасыздығы жүрегіме түрпідей қадалды. Оның ит екеш ит құрлы болмағанына ішім удай ашып,осындай жауыздықтар тарихи сананы күйрететінін айрықша түсіндім. Иә, жазушыға арқау болған негізгі мәселелер-осы! Әсіресе қарды көз қасқарларға қалай жем болғанын, үзілмеген үмітімен бейіт басына келіп, қожайынын іздеуі, сағыныштан сарғайып, ас-суды да қажетсінбей жүріп құрығы ұзын ажалдың апанына кірді. Дәл осындай асыл қасиеттер адам бойынан табылуы екіталай деп білемін. Себебі, көзсіз ерлік жасау-екінің -бірінің қолынан келер іс емес! Иесін күдер үзбей күту-біздер үшін жәй ғана зымыраған уақытпен тең болуы мүмкін, ал тазы үшін өтпес күн, өшпес жара. Аяушылықтан аттаған азғындардың заманында ғибратқа толы керемет шығарма екені даусыз. . .