Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қаламгерлер сайысының кезекті жеңімпазы

Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсетіп, ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейту мақсатымен жарияланған байқаудың кезекті жеңімпазы анықталды!

«Ұлттық рух пен ой-сананың кемелдігі тоғысқанда...» атты шығарма осы аптаның үздік туындысы ретінде танылып отыр. Эссе авторы – Мақпал Жарылқапберген.

Шығарманың толық нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз:

Ұлттық рух пен ой сананың кемелдігі тоғысқанда.....

Өзінің ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта да алмайды,ол сөз жоқ арамза, тексіз әрі қаңғыбас.  Б.Момышұлы

Өткен жылдан бері Қазақ халқының мемлекет ретінде қалыптасуына үлес қосқан,аянбай еңбек етіп,тынымсыз күрес жүргізген қазақ хандары,батырлары,одан кейінгі ғасырлардағы Сталиндік репрессияға ұшыраған ұлт зиялылары,Ұлы Отан соғысына қатысып,ерлікпен қаза тапқан қазақ батырлары, бертін келе, Желтоқсан құрбандары жайлы кітаптар,шығармалар оқып, олардың өмір жолына қанығып,сол тұлғалардың бойындағы еліне,ұлтына деген патриоттық сезім мен Қазақ жерінің әрбір тау-тасы мен кең байтақ жеріне, ұшқан құсына дейін бойымнан шынайы махаббат пен кіршіксіз сезімдерімді оята бастап едім. Сол қайталанбас тұлғалардың Қазақ жері мен халқына сіңірген өшпес ерлігі,еңбегі арқылы мен өз бойыма үлгі-өнеге жинап, тәлім-тәрбие алып, Тәуелсіз Қазақстанымның нағыз патриоты болып қалыптасып келемін. Асылында, әрбір патриот-өз елінің туын көкке көтеріп, мақтанышпен, зор мәртебемен оны асқақтатуды қалайды емес пе?! Сол сияқты, менің де көңілімде сондай ойлар жүретін.

1 қыркүйек күні болатын.Шашымды қос бұрымға өріп, ақ бантик пен Туымызға ұқсас көк галстук тағып әсем киініп мектепке келдім. (Биыл, Бисмиллә деп 10-сыныпты бастағалы тұрмын.) Салтанатты жиын басталуға таяпты.Келе сала Туды көтеретінімнен хабардар болып,аңтарылып,бір жағынан қуанып қалдым. Мектепте Ту көтеру мәртебесі маған бұйырады деп кім ойлаған?! Бәз біреу үшін бұл жай ғана бір жіпті тартып тұрып, Туды көтере салу шығар.Бірақ, мен үшін-өз елімнің, Қазақстанымның туын көкке көтеру зор мәртебе. Көк туды қалықтатқан кезімде, желбіреген көк Тумен бірге менің де төбем көкке жеткендей болды.Осы сәтте Тәуелсіз Елімнің аспанына қарап тұрып жүрегімдегі алапат патриоттық сезімнің күшейгенін сезіндім. Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай: "Ұлттық рух-ұлы адамның, тұтастай алғанда ұлттың да асыл қасиеті",-деген екен. Бүгінде көп адамның бойынан табыла бермейтін сол асыл қасиет менде бары жанымды жадыратып,Отанға деген сүйіспеншілікті  арттыра түсті. Бұл дегеніміз,  мен үшін елімнің әрбір тау-тасы, әрбір адым жері қымбат деген сөз. Бұл дегеніміз,Қазақтың тілі,тарихы,әдебиеті мен үшін жауһар қазына деген сөз. Бұл дегеніміз, бабаларымыз қасық қаны қалғанша қорғаған мына жер-маған аманат дегенді білдіреді. Бұл дегеніміз,өз жерімде өзге ұлт өкілінің,әсіресе мына қара қытайдың тайраңдап жүруіне,оның жерін,байлығын иемденіп,қаракөз қазақ қызына үйленіп, қаны таза қазақтың асыл тұқымын былғауына деген мүлдем төзбеушілік!!!

Ойымды қорыта келе айтарым, әр адам өз бойына ұлттық рухты сіңіру керек,олсыз патриот дегенің жай сөз. Ал ұлттық рух-тарих толғауынан алынады,әдебиетпен,қазақтың әсем тілімен бойға дариды.Сондықтан, өз тілін,тарихын жете білмеген  адам- қоғамдағы іріткі,індет іспеттес. Ол індет жайлай берсе,бірте келе,біртұтас ұлтты улайды деген сөз.Сол себепті, қоғамның бір бөлшегі саналатын әр адам өз елінің патриоты болу үшін оның өткенін,бүгінін біліп,оның әр бөлшегін жанымен сүюі қажет...

(Автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)

Кезекті жеңімпазды құттықтаймыз!

Сыйлықты алу үшін bilimland.kz сайтымен байланысуыңызды сұраймыз!

Жалпы қыркүйек айы бойынша әр апта сайынғы 4 ең үздік туынды авторлары таңдалған еді. Олар: Махаббат Самрат, Арайлым Ерубай, Назерке Әліқұл және Мақпал Жарылқапберген. Мұнымен жеңімпаздар саны да, сыйлықтарымыз да бітпек емес. Сайыс 25 қаңтарға дейін жалғасын таппақ.

Ескерту! Құрметті қатысушылар, жазбаңыздың дұрыс (қатесіз) жазылуы мен тыныс белгілеріне, шарттардың да дұрыс орындалуына назар аударыңыздар!

Еске салайық, bilim-all.kz және bilimland.kz сайттары жас қаламгерлер арасында сайыс жариялаған болатын. Барлық талаптармен Қаламгерлер сайысы сілтемесі арқылы таныса аласыз.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама