Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Қара теңізде қазақстандық мұнай тасымалдаған танкерге шабуыл жасалды

Қара теңізде қазақстандық мұнайды тасымалдауға бара жатқан грек танкеріне шабуыл жасалды. Грекия БАҚ-тарының хабарлауынша, Maran Homer танкері Ресейдің аумақтық суларынан тыс жерде, Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумінің (КТК) терминалына кіру рұқсатын күтіп тұрғанда беймәлім нысанның соққысына ұшыраған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көлік министрі Василис Кикилиас бұл оқиғаға алаңдаушылық білдіріп, шабуылдың ресейлік мұнайға санкциялардың уақытша алынуына байланысты қабылданған шешімдермен байланысты болуы мүмкін екенін айтты. Танкерді Chevron компаниясы жалға алған, ол Салоникиден шығып, ешқандай жүк тасымалдамаған. Афины бұл мәселені Еуропа Кеңесі деңгейінде көтеруді жоспарлап отыр.

КТК инфрақұрылымындағы шабуылдар

Бұған дейін, жыл басында қазақстандық мұнай танкерлеріне де шабуылдар болған. 13 қаңтарда «ҚазМұнайГаз» еншілес ұйымы жалға алған Matilda танкеріне дрондар шабуыл жасады. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, бұл шабуылдар түсініксіз, өйткені қазақстандық кемелер ешқандай «сұр флотқа» жатпайды.

КТК инфрақұрылымындағы шабуылдар салдарынан Қазақстан уақытша шамамен 3,8 миллион тонна мұнай экспортай алмады. Бұл – белгіленген мерзімде экспортталмаған және сатылмаған мұнай көлемі.

Жаңалықтар

Жарнама