Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. Сан құрамы
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Сабақтың тақырыбы: Сан құрамы
Мақсаты: Балаларға осы тақырыпты ашу мақсатында балалардың жан жақты патриоттық тұрғыда елімізді сүюге, Қазақстанның ғарышкерлерінің атын білуге олар нені зерттейді жан жақты тәрбиелеу. 1 - 10 - ға дейінгі сандарды ауызша санап және кері санап, ауада жазып санай білу. Артық, кем, тең туралы және +,-,= амалдарын қолдану арқылы балаларды есеп шығаруға үйрету, білімдерін нығайту. Геометриялық пішіндер туралы түсініктерін қалыптастыру. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып жұмбақ немесе логикалық есептерді қолдану арқылы білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын артыру. Ұлттық дәстүрімізді дәріптеу.
Тәрбиелік: отан сүйгіштікке, ұйымшылдыққа, достыққа шығармашылық еңбек етуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: алға қойған мақсаттарына жетуге, шапшаңдылыққа өз бетінше тапсырмаларды орындап таза жазуға үйрету. Тілдерін, математикалық түсініктерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: ғарышкердің суреті, жеке карточкалар түрлі есептер, пішіндер.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік әдісі.
Түрі: Интеграциялық (аралас сабақ) Тіл дамыту. Сауат ашу, құрастыру, математика.
Балалар бүгін ерекше күн қараңдаршы бізге көп қонақтар келді бәріміз тұрып амандасып алайықшы. Үлкен кісіге амандасып жол беру ол үлкен құрмет екенін ұмытпайық балалар. Қонақтар бізге сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді көруге келген екен лай болса сабағымызды өз ережемізбен бастайық.
Біз бір - бірімізге сенеміз,
Біз бір - бірімізге қуанамыз.
Әдемі, әдепті бала боламыз,
Өтірік айтпаймыз,
Шындықты жаттаймыз.
Өте жақсы. Балалар біз өткен сабақта ғарыш туралы әңгімелескен едік қой. бүгін сол ғарыштан бізге сәлемдеме хат пен сендерге арналған сыйлықтары бар екен. Бірақ оны мен әлі қолыма алған жоқпын. Тез алу үшін бізге ғарышкерлерді еске түсіруіміз керек.
Алдымен тыныш отырып тыңдап, сосын қолымызды көтереміз.
1 - сұрақ: Ғарыш нені зерттейді?
2 - сұрақ: Аспанда не бар деп ойлайсыңдар?
3 - сұрақ: Қандай ғарышкерді білесіңдер? Ендеше қандай ғарышкер туралы тақпақтар білесіңдер?.
4 - сұрақ: Тұңғыш қазақ ғарышкері.
Осы кезде күткен хатымызда, сыйлықта келеді. Балалар мен хатты оқимын сендер тыңдаңдар. Ю. Гагарин аспанда әлі ұшып жүр екен. Сендерді мен терезеден көріп байқап жүремін дейді. Балалар сендер хаты ашсаңдар ішінде тапсырмалар бар, соларды орындап сыйлықты алыңдар. Хатты 3 рет өлең жолдарын айтып ашайық.
Тұңғыш қазақ ғарышкер
Әубәкіров ағаның,
Даңқы көкке самғаған.
Тоқтар аға Гагарин
Салған жолды жалғаған.
Тоқтар ағам - жан ағам,
Бұрыннан да ер еді.
Менің батыр ағадан,
Аумай қалғым келеді.
Ал енді хатты 3 рет өлең жолдарын айтып ашайық
Ақ сандығым ашылсын.
Сыныпта у - шу басылсын,
Жан дүниені ашатын
Ішінен білім шашылсын.
Жақсы істі үйренейік еселеп,
Жамандықтан бойды алып қашайық.
Оқулықтан санап көріп есептеп,
Сан еліне құтты қадам басайық.
1 - тапсырма:
1 - 10 - ға дейін санау және кері санау, екі қолмен ауада жазу.(Ғ)
Қандай сандар киелі, қасиетті сандар.(3, 7) 7сан туралы не білеміз. 7 ата, 7 қазына.
Атаулары: 7 ата. Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
7 қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, құмай тазы, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық.
2 - тапсырма: сұрақ - жауап?
Сандар неше таңбалы? (А)
(а) 1 - 9 бір таңбалы, 10 нан әрі қарай екі таңбалы.
(б) Осы сандар нешеге бөлінеді?
Тақ сан және жұп сан.
Кім ажыратып береді сан тізбектерінен алу. Екі оқушы шығады. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 910(ажырату)
3 - тапсырма: Қандай сандар тең бөлінеді? Ауызша есептеп шығару «Кім жүйрік» ойыны 2, 4, 6, 8, 10.(Р)
4 - тапсырма: Біз қандай амалдарды білеміз? +,-,=
(а) Тақтамен жұмыс: Көп - аз «Тақ сандар сыры» 1, 3, 5, 7, 9 екіге бөлу(ойша және жазбаша) (Ы)
Азайтайық қосайық,
Нәтижесін тосайық.
Неше түрлі сан шығар,
Қарасаңдар балалар.
«Дүкенші» ойыны. Жабыс палы қағазды алып қарасаңдар астында есептер жазылған соны шығаруларың керек қағаз өздеріңе қалады. Және азайту амалымен тексеру керек.(Ш)
5+3=8 3+3=6 5+4=9 2+2=4 10+0=10 4+4=8 5+5=10 3+2=5 3 - 2=1
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. Сан құрамы. жүктеу