Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 26 ақп. 2026 14:00
- 23
Қарақат Әбілдина әкесіне арналған ауызашарға қатысты сынға жауап берді
Әнші Қарақат Әбілдина марқұм әкесінің рухына арнап ауызашар беріп, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші әкесінің өмірден өткеніне 20 жылға жуық уақыт болғанын айтып, Рамазан айында дастархан жайып, Құран бағыштағанын жеткізді. Ол әкесінің биыл 90 жасқа толар еді дей келе, оның тәрбиесі мен қалдырған ізі мәңгі жадымызда қалатынын атап өтті. Ауызашарға өнердегі әріптестері мен Бекболат Тілеухан да қатысып, дастархан басында ән айтылып, кей қонақтарға шапан жабылған.
Желі қолданушыларының наразылығы
Алайда, бұл жағдай көпшіліктің наразылығын тудырды. Желідегі кейбір пайдаланушылар еске алу дастарханының «той секілді» өтуін сынға алып, «бұл не сұмдық, той емес қой», «еске алудан да шоу жасайтын болған», «ас емес дискотека» деген сияқты пікірлер қалдырды.
Әншінің жауабы
Осы сын-пікірлерден кейін Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында өзін сөз еткендерге жауап беріп, сабыр сақтауға шақырды. Ол: «Сен жайлы ғайбат айтылса - ренжіме. Себебі адамдар сөзімен сынайды, ал Алла ниетпен өлшейді. Арттан айтылған әрбір сөз сенің емес, айтқанның мойнындағы аманат. Егер сен үнсіз сабыр етсең, Раббың сен үшін әділ үкім береді. Ғайбат сені төмендетпейді, егер жүрегің таза болса. Керісінше, ол саған - сауап, ал айтқанға - ауыр жүк», - деп жазды.