Photo: Pir Sümeyra (https://www.pexels.com/@pirsumeyra) / Pexels
- 15 мам. 2026 03:01
- 26
Нұрғали Нұғман: Жеке өмірімдегі даулы тақырыпқа нүкте қойдым
Бұған дейін әлеуметтік желіде «көкем зорлады» деп ашық мәлімдеме жасап, қоғамның назарын өзіне аударған Нұрғали Нұғман, енді бұл тақырыпты қайта талқылағысы келмейтінін айтты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Нұрғалидың айтуынша, жеке басынан өткен ауыр жағдайды көпшілікке жария ету оңай болмаған. Ол мұны ұзақ уақыт бойы іште жиналған ауыр сезімнен арылу үшін жасағанын жеткізді.
«Мен енді жан жарамды қайта қозғап, өткенді қайта ақтарғым келмейді. Өткен дүние өтті», - деп жазды Нұрғали Нұғман.
Бұрынғы мәлімдемелер мен кешірім
Естеріңізге сала кетейік, Нұрғали Нұғман бұған дейін жақынынан зорлық көргенін айтып, оқиға «Балапан» телеарнасында жұмыс істеп жүрген кезінде болғанын мәлімдеген еді. Алайда кейін бұл сөздері арна ұжымы туралы қате түсінік қалыптастырғанын айтып, кешірім сұраған болатын.