Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Динара Сәтжан ақтөбелік емшіні сотқа бермек: «Маған "шлюха" деп тіл тигізді»

Танымал блогер Динара Сәтжан Ақтөбедегі TikTok пен Instagram желілерінде ақшаға бата беретін емші Бағдагүлді сотқа беріп, оның қызметін тексеруді талап етті. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Динара Сәтжан емшінің қызметінің заңдылығына қатысты бірқатар сұрақтарды алға тартты. Ол Бағдагүлдің ақылы батасының ақшасы қайда түсетінін, салық төлей ме, адам емдеуге лицензиясы бар-жоғын анықтауды сұрайды. Сондай-ақ, емшінің киелі заттар сатуы мен желілік бизнеске қатысты әрекеттерінің заңдылығын да тексеруді талап етті.

Заңсыз әрекеттер мен қорлау

Блогер емшінің халықты алдап, ақша тауып отырғанын айтып, оның әрекетін әділетсіз деп бағалады. «Ауыз өзімдікі екен деп неге елдің бәрін қорлайды? Маған да “шлюха” деп тіл тигізді. Бұл — жария түрде қорлау», — деп ашуланды Динара Сәтжан.

Ол емшінің әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 131-бабына сәйкес, қорлауға жататынын ескертті. Сәтжан сондай-ақ, емшінің өзі туралы жалған ақпарат таратқанын, мемлекеттік жобалардан ақша алады деп айыптағанын айтты. Бұл мәселемен блогердің адвокаты айналысып жатыр.

Сотқа арыз берілді

Динара Сәтжан мен оның адвокаты Ақтөбе облысының полициясына арыз жазды. «Ол Заң аясында барлық іс-әрекетіне, айтқан сөздеріне жауап береді. Бұл бейберекетсіздікті тоқтататын уақыт келді», — деді блогер.

Жаңалықтар

Жарнама