Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 33 минут бұрын)
Депутат Базарбек: «900 мың теңге жетпейді», әйелінен жұмысқа шығуды сұрады

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзінің жалақысының жеткіліксіз екенін айтып, әйелінен жұмыс істеуді сұрағанын мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

Журналистер депутаттарға Парламенттен алатын жалақысы жете ме деген сұрақ қойғанда, Базарбек былай деп жауап берді: «Қазіргі жалақы жетпейді. Өздеріңіз қараңыз: 500, 700, 800 мың теңге – кімге жетеді? Әсіресе, отбасында 5-6 бала болса. Біздің кейбір депутаттардың 5-6 баласы бар», – деді ол.

Депутаттың айтуынша, табыстың көп бөлігі тұрмыстық шығындарға, балабақша, спорт секцияларына төлемдерге кетеді. «Баланы балабақшаға апару, секцияларға, киім-кешек алу – оған тек 300 мың кетеді. Азық-түлік бағасының өсіп отырғанын ескерсек, миллион теңге де жетпейді», – деді Базарбек.

Депутат өзінің айлық жалақысы шамамен 900 мың теңгеден асатынын айтты. «Маған жеке өзіме жетпейді. Сондықтан мен әйелімнен де жұмыс істеуін сұрадым, сонымен бәрі шешілді», – деп қосты ол.

Бұған дейін Қазақстан депутаттары өзінің және жұбайларының табыс декларацияларын жариялаған болатын.

Жаңалықтар

Жарнама