- 01 қар. 2019 00:00
- 258
Қараша айының алғашқы жеңімпазы
Қаламы қарымды жастарға арналған Эссе және өлең-жыр байқауы өз жалғасын табуда. Сан қилы тақырыптағы шығармалар толассыз толықтырылып, өнерпаз жастардың талпынысы көңіл қуантпай қоймасы анық. Аптадан аптаға сайымызға қатысып жатқан барлық шығармашыл жастар арасынан оқ бойы оза шапқанын анықтау қиынға түсуде. Дегенмен, қарашаның алғашқы жеңімпазы анықталғанын қуана хабарлаймыз!
Тоғызыншы апта қорытындысы бойынша үздік деп танылған туындыны назарларыңызға ұсынамыз:
Мен - қазақпын!
Мен - қыранмын, ұрпағымын бөрінің,
Мен - қазақпын, төрткүл дүние көгімін.
Қазыналы тұма тарих қоймасы,
Даналардың домбырасы - серігім.
Мен - қазақпын, Алатаумын, асқармын,
Тәуелсізбін, өзімді- өзім басқардым.
Қорықпадым Ескендірден, Кирден де,
Тек ата-әке мінезінен жасқандым.
Мен - дастанмын, ерлік жыры бітпейтін,
Ісі үшін атақ - даңқты күтпейтін.
Мен - жас қыран, жалыным бар жалмаған,
Өз- өзіне ұлы арман жүктейтін.
Ән-анамын бала-әлемді тербеткен,
Дина, Мұхит күйін тыңдап ер жеткем.
Ұя салған қарлығаш күй жүректе,
Әміремін Парижді әнмен тербеткем.
Абаймын мен, кемел ойлы данамын,
Фарабимін, Азияда дарамын.
Низамидей дана кісі айтқандай:
"Сен жанбасаң, мен от болып жанамын".
Димашпын мен, кең әлемге танылғам,
Өнерімен шамшырақ боп жағылған.
Жанармын мен, ізіменен бабаның
Түріквижінде дауысымен танылған.
Мен - қазақпын, бүркіт көзді баламын,
Жетімге ана, жесірге үй, панамын.
Мен секілді ізде, шарла таппайсың,
Еуразияның кіндігінде ғанамын.
(Автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)
Сонымен, қарашаның алғашқы аптасының жеңімпазы «Мен – Қазақпын» атты шығарманың авторы Динара Әділбек bilimland.kz сайтынан powerbank ұтып алды.
Жеңімпазды құттықтаймыз!
Сыйлықты алу үшін bilimland.kz сайтымен байланысуыңызды сұраймыз!
Еске салайық, bilim-all.kz және bilimland.kz сайттары жас қаламгерлер арасында сайыс жариялаған болатын. Барлық талаптармен Қаламгерлер сайысы сілтемесі арқылы таныса аласыз.