
- 01 қар. 2019 00:00
- 332
Мектеп оқушылары неше күн демалады
ҚР Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылындағы каникул уақыттарын жариялады.
ҚР БҒМ 2019 жылғы 29 шілдедегі «Орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» №337 бұйрығына сәйкес төмендегі мерзімдер анықталды: 2019 - 2020 оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда - 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда - 34 оқу аптасы.
Күзгі каникул - 28 қазаннан 3 қарашаны қоса алғанда 7 күн. Қысқы каникул - 30 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында 10 күн болмақ. Және 1 сынып оқушыларына 3-9 ақпанда қосымша 7 күн демалыс беріледі.
Көктемгі демалыс - 21 наурыздан 2 сәуірді қоса алғанда 13 күнге созылады. Және оқу жылы 2020 жылдың 25 мамырында аяқталады.
bilim-all.kz