Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 23 сағат бұрын)
Қартаймаған қарт

Құрбы-құрдастары әңгімелесіп отырып бір-біріне:

— Енді бәрімізде кесе тарттық, қартайдық қой! — депті.

— Жоқ, мен әлі қартайғаным жоқ, — дейді біреуі.

Құрбылары:

— Неге? — деп сұрайды. Анау айтады:

— Неге десең, біздің үйдің қасында бір тас бар. Соны мен бала күнімде қозғалта алмаушы едім. Әлі қозғалта алмаймын. Әлденіп, ержетпей жатып кісі қартая ма екен?

 


Жаңалықтар

Жарнама