Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қарттар күніне арналған тақпақтар

Қарттар күніне арналған тақпақтар:

  1. Қарттарым – қазынам

    Қариялар – қазынам,
    Қайталанбас асыл жан.
    Тәлім-тәрбие үйреткен,
    Даналықпен өсірген.

    Мейірімді жүздерің,
    Ізгілікке жүз берген.
    Құрметпенен бас ием,
    Қарттарым – менің тірегім.

  2. Қарттарға құрмет

    Қарттарым, сіздер аман болыңыз,
    Ақылмен кеңес беріп тұрыңыз.
    Тәлім-тәрбиеніз әрдайым,
    Жастарға жол нұсқау болыңыз.

    Қадірлі болсын әрбір күндеріңіз,
    Құрметпен атаймыз есімдеріңіз.
    Шапағат шашып әркез бізге,
    Ұзағынан болсын ғұмырларыңыз.

  3. Қарияларға алғыс

    Жылдар сырғып өткенмен,
    Қадіріңіз кемімес.
    Өмір көрген даналар,
    Жас буынға дем берер.

    Сіздерменен нұрлы өмір,
    Жүректерге шуағың.
    Қарттар күні – мереке,
    Алғысымыз – шын көңіл!

Ата отыр кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз!

 

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосы
«Құлыншақ» балабақшасы «Жауқазын» тобының
Тәрбиеленушісі: Оралхан Ақсұңқар Шаттыққызы
Жетекшісі: Әуелбаева Жанар Жаңабайқызы

Әжем ұйықтар алдында
Ертегі айтып береді.
Еркелеп ойнап жатқанда
Ылғи ұйықтап қаламын.

 

Әжем өрнек тереді,
Сырмақ отыр оюлап.
Басы ауыра береді,
Шай ішпесе, қоюлап.

 

Әжем менің асыл жан
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді.
Әжеме ешкім жетпейді!

 

Ақ әжем

Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем?

Шай қайнатып келейін,
Шекер салып, жан әжем.
Өзім құйып берейін.
Балдай тәтті бал әжем.

 

Атама арнау

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылы
Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2 «Б» сынып оқушысы: Мақсұт Ботагөз Шалқарқызы
Сынып жетекшісі: Кенжахынова Мархаба Ермекқызы

Аяулы да ардақты атам менің,
«Бақытты бол, ер жет» - деп бата бердің.
Еңбек етіп, еліңе құрметті боп,
Әрдайым ортамызда жүре бергін.

 

Әжем менің, ақ әжем
Ақыл беріп үйреткен.
Аппақ әжем, пәк әжем,
Мейіріммен тербеткен.

 

Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі де,
Жүзге жетсін жасыңыз.

 

Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары
Жас баладай жаутаңдаған жанары
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай
Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.
 
1 қазан Қарттар мерекесіне арналған өлең, тақпақтар жинағы

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!

Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!

Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары

Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
Ешкімге жасамайтын қиянат
Жайлап қана ақылменен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір сағат

Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары
Жас баладай жаутаңдаған жанары
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай
Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.

Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.

Ата күні - әже күні әлем күні
Әлемде теберінділер ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.

Нағыз әке ақылгөй де асқар жан
Барлық ұрпақ әкелерден басталған
Ал әкелер өздеріңе арналмақ
Бұл айтатын асқақ ән.

Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм - тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз - бірлік бола берсін
Тап - таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін

Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты ұландар

Армысыз абзал жанды қариялар
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары

Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.



Атам менің аманда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.

 

Атам менің әманда
кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем
Қалдыратын ұлтқа
Жалған сөзге төзбеймін
Жеткізеді мұратқа
Тек шындықты көздеймін.

 

Менің атам

ОҚО, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы
"Т.Аубакиров атындағы ЖОМ"
2 "Ә" сынып оқушысы: Бекмуратова Ұлмекен Боташқызы
Сынып жетекшісі: Полатова Айгуль Жамантаевна

Қыдырып бардым атама,
Қалыпты атам ауырып.
Мейірімді аташым,
Айтшы маған аташым,
Тиді саған қайсы дерт,
Қорқытайын сол дертті.
Дәруменді ішкізіп,
Сауыққын сен тезірек.
Мен ішкізсем дәрумен,
Жазылшы сен аташым.

 

Атам менің әманда
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен
Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы.

 

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!

 

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосы
«Құлыншақ» балабақшасы «Жауқазын» тобының
Тәрбиеленушісі: Оралхан Ақсұңқар Шаттыққызы
Жетекшісі: Әуелбаева Жанар Жаңабайқызы

Әжем ұйықтар алдында
Ертегі айтып береді.
Еркелеп ойнап жатқанда
Ылғи ұйықтап қаламын.

 

Ата күні - әже күні әлем күні
Әлемде теберінділер ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.

 

Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!



Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.

 

Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамын мен құттықтаймын.

 

Атама

Аташым менің тірегім.
Көп еді- ау сенің тілегің.
Атыңды сенің ардақтап,
Жүремін әр кез мақтанып.

Көп жүріп кейде ойланам,
Атам жайлы толғанам.
Аташым болса қасымда.
Қуаныштан шаттанам.
ОҚО, Түлкібас ауданы, Еңбек ауылы
3-сынып оқушысы Асан Нұрсұлтан

 

Аталарым

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылы
Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
3 «А» сынып оқушысы: Қорғұлсұлтан Дамир Дидарұлы
Сынып жетекшісі: Қойшыбекова Гүлзипа Молдаханқызы

Өзіме ұнайды ғой өлең жазған,
Ертеде ата-бабам ақын болған.
Білгенім, Рахметбай ата өз сезімін,
Өлеңдетіп түсіріпті ақ қағазға.

Мен әлі баламын ғой кіп-кішкентай,
Өседі ғой, арғымақ боп құлын-тай.
Ұлы Абай, Мұқағали, Жамбыл ақын,
Мен үшін олар үлгі мәңгі болғай.

 

Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.

 

Ақ әжем

№ 10 “Қызғалдақ” тобының
Тәрбиеленушісі: Хайром Назерке Асылбекқызы
Тәрбиешісі: Акимова Айнұр

Әжем менің ақ әжем,
Ешкімде жоқ әжем.
Ертегі айтып береді,
Маған да сол керегі.

Әжемді жақсы көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін.

Тәттілерін сақтайды,
Нәзеркеме берем деп.
Мен тілеймін әрқашан,
Әжем аман болсын деп.



№49 жалпы орта білім беретін мектептің
МАД тобының тәрбиеленушісі: Сейдуллаев Темірлан
Тәрбиешісі: Давлетова Тойған Сапаровна

Гүлдей жайна, бақ әжем,
Жақсы көрем өзіңді,
Ауырмашы, жан әжем!

 

Әжеме

Мақтаарал ауданы Жетісай қаласы
№ 119 жалпы орта мектебінің
1 сынып оқушысы: Райымбек Рауан
Жетекшісі: ҚР-ның жас ақыны Гүлсана Тилеубекова Анарбекқызы

Мені ертіп жетектеп,
Осы күнге жеткізген.
Бізді бағып өсірген,
Аман болсын жан әжем.

 

Әжем менің

Белқопа орта мектебінің
4 сынып оқушысы: Аманкелдина Шаттық Нұрбекқызы

Әжем менің осындай
Шәй қайнатып беретін
Әжем менің осындай
Өлең айта білетін.

 

Атай

Көктем келді далаға,
Көктем келді көшеге.
Атамыз бар аулада,
Білесің бе нешеде?
Қоссаң біздің жасымыз,
Жетпейді оның жасына.
Бір қосылса басымыз,
Кете алмаймыз қасынан.
Қолдан шотын тастаса,
Тозған кітап түптейді.
Кейде әңгіме бастаса,
Кешке дейін бітпейді.
Бірде бағбан, бірде ұста,
Атай көңілі жатыр кең...
Бірге болған ұрыста
Амангелді батырмен.
 
 
 1 қазан Қарттар мерекесіне арналған өлеңдер мен тақпақтар қарттар туралы өлең ата жайлы өлең ана жайлы өлең әже туралы өлең қарттар күні сценарий Қазақша тақпақ: 1 Қазан - Қарттар күні Ата әже апа, Қазақша тақпақ: 1 Қазан - Қарттар күні, Ата әже апа туралы тақпақ, қарттар күні тақпақтар, қарттар күні тақпақ, карттар кунине такпак, әже туралы тақпақтар, әже туралы тақпақ, әжелер туралы тақпақтар, әжелер туралы тақпақ, ата туралы такпак, ата туралы тақпақтар, ата туралы тақпақ, ата әже туралы тақпақтар, ата әже туралы тақпақ, Ақ әжем тақпақ, Қazaқsha taқpaқ: 1 Қazan - Қarttar kүni Ata әzhe apa, Қazaқsha taқpaқ: 1 Қazan - Қarttar kүni, Ata әzhe apa turaly taқpaқ, қarttar kүni taқpaқtar, қarttar kүni taқpaқ, karttar kunine takpak, әzhe turaly taқpaқtar, әzhe turaly taқpaқ, әzheler turaly taқpaқtar, әzheler turaly taқpaқ, ata turaly takpak, ata turaly taқpaқtar, ata turaly taқpaқ, ata әzhe turaly taқpaқtar, ata әzhe turaly taқpaқ, Aқ әzhem taқpaқ, Qazaqsha taqpaq: 1 Qazan - Qarttar ku'ni Ata a'zhe apa, Qazaqsha taqpaq: 1 Qazan - Qarttar ku'ni, Ata a'zhe apa turaly taqpaq, qarttar ku'ni taqpaqtar, qarttar ku'ni taqpaq, a'zhe turaly taqpaqtar, a'zhe turaly taqpaq, a'zheler turaly taqpaqtar, a'zheler turaly taqpaq, ata turaly taqpaqtar, ata turaly taqpaq, ata a'zhe turaly taqpaqtar, ata a'zhe turaly taqpaq, Aq a'zhem taqpaq

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама