- 05 нау. 2024 04:14
- 278
Қарттарын қадірлеген - ел ардақты
Қарттарын қадірлеген - ел ардақты
Мақсаты: Балалардың мерекелер туралы түсініктерін кеңейту Мерекелік шараларға деген қызығушылықтарын дамыту. Ата - әжелерін үлкендерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет,
Дария кеуде тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет,
Қарттарым аман - саумысың!
Құрметті қонақтар асыл қазына қарияларымыз бүгінгі өткізгелі отырған «Қарттарын қадірлеген - ел ардақты» атты шағын концертімізге хош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кеңесін арқалаған аталар.
Алдарында жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар – деп бүгінгі кешіміз «Шағала» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерінің «Әжемнің шәйі» әнімен ашамыз.
Ән:«Әжемнің шәйі»
Жүргізуші: Рахмет балалар!
«Достық» тобының бүлдіршіндерінің орындауында «Тамшылар» биі. Қабыл алыңыздар!
Би: «Тамшылар»
Жүргізуші:
Ата менен немере – аяқталмас бір дастан
Екеуіңе керегі - ашық болсын нұрлы аспан
Балаңыздан тәтті дейді немере,
Күн секілді көтересіз төбеге демекші бүгінгі сіздерге арнаған немерелеріңіздің ақ тілегін қабыл алыңыздар.
Балапан тобынан:
Әділет:
Менің әжем мейірбан
Мені жақсы көреді
Қажетіне жарасам
Жас балаша күлесің.
Алия:
Еркелетіп аялаған
Әлпештеген әжетайым
Басымды иіп бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын!
Бөбек тобынан:
Арманым едің аңсаған
Әже – ата бақыт мен саған
Ұрпағың болып жалғасам
Қуаныш болып мен саған
Аман болсын басыңыз
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әліде
Жүзге жетсін жасыңыз
Жүргізуші:
Ата күні, әже күні, әлем күні,
Әлемде тербеліңдер ақылды үні
Әжесіз туған жан жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұңы.
Келесі кезекте көрініс: «Ата, әже, немере»
Жүргізуші:
Нағыз ата ақыл гөй де, асқар жан,
Барлық ұрпақ аталардан басталған.
Ата – әже өздеріңе арналмақ,
Бұл айтатын өлең шумақ асқақ ән.
Шаттық тобының тәрбиеленушілері:
Әжем өрнек тереді.
Сырмақ отыр оюлап,
Басы ауыра береді
Шәй ішпесе қоюлап.
Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әліде,
Жүзге жетсін жасыңыз.
Гүлдер тобының тәрбиеленушілері:
Ата отыр кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиеден аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
Атам менің аманда,
Әдепті жан бол деген,
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем.
Мереке деп халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамымен құттықтап,
Бишілер өнерлерін шашады.
Нұршуақ тобының орындауында «Буратино» биін қабыл алыңыздар!
Келесі кезекте «Еркетай» кіші тобының ақ тілегін қабыл алыңыздар.
Көкке өрмелеп көңілін
Нұрға толсын өмірің
Бақытты бол жан әке,
Ұзақ болсын өмірін.
Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені,
Мен қазақтың баласы.
Жүргізуші:
Қарттарым сіздерге алла саулық берсін,
Денсаулық ауыз бірлік берсін
Немерелеріңіз аман болып,
Осылай концерт қойып шауып жүрсін – дей келе тілек тілеп, бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет! Енді сіздерден осы балаларыңызға бата беруіңізді сұраймыз.
Қарттарын қадірлеген - ел ардақты. жүктеу