Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қасым Аманжолов "Қазақстан"
ШҚО, Уржар ауданы,
"Жансүгіров атындағы орта мектебі" КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Умбетова Эльмира Толеугазиновна

Тақырып: Қасым Аманжолов "Қазақстан"

Психологиялық дайындық
- Саламатсыңдар ма, балалар! Қане, қонақтарымызбен амандасып жіберейік.
- Сабағымызға келгендер,
Сәлем бердік, бәріңе.
Ізгілікке сенгендер,
Сәлем бердік бәріңе!
Өз бақытын өзгемен
Тең бөлісе білгендер
- Мен де сендердің қабақтарыңның ашық болуына тілектеспін! Рахмет, балалар отыра қойыңдар.

Балалар біз сіздермен топтарға бөлініп алайық
І топ: Абай
ІІ топ: Ыбырай
ІІІ топ: Шәкәрім
Ендеше, сөз асылын, тіл тазалығын сезінетін әдебиет сабағымызды бастайық.
- Үйге қандай тапсырма берілді?

2. «Жарқыраған жұлдыз» Үй тапсырмасын тексеру, бекіту

- Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Жарқыраған жұлдыз»ойынын ойнаймыз. Әр сұраққа жауап берген сайын өз жұлдызымызды жарқыратып жағып отырамыз.
Сабақтың тәртібін сақтап, қол көтеріп қана жауап береміз.

Сонымен бірінші сұрақ:
*Өткен сабақта кім туралы оқыдық?
*Қайрат кім? Ол қандай адам?
*Қорқу, сескену сөздерін Қайрат қалай түсіндіреді?
*Қорқақтық деген сөзді қалай түсіндіреді?
*Енді, ізденіс жұмыстарына кезек берейік, Қайрат туралы тағы не білеміз?
*Желтоқсан құрбандарынан тағы кімдер туралы білесіңдер?
*Қайрат ақынның қандай жазбаларын білесіңдер

Жарайсыңдар, балалар, барлығың жабыла көмектесіп, ең жарық, ең жоғары жұлдызды жақтыңдар. Бұл жұлдыз кімнің жұлдызы екенін көрейік,
(тақтада Қайраттың суреті шығады.)
- Бүгінгі сабақтың ең жарық жұлдызы, ең биік жұлдызы Қайраттың жұлдызы екен. Қане, жұлдызының бес тармағына Қайраттың бес қасиетін тізіп шығайықшы?

«Ұлы тұлға» /Жаңа тақырыпқа кіріспе Ребусты шешу
«Қазақстан»
Яғни біз бүгін Қасым Аманжоловтың «Қазақстан»өлеңімен танысамыз

Қасым Аманжолов 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Осы кезге дейін танысқан басқа авторларымыз сияқты ол да мұғалімдік мамандықты таңдаған ақын. Сонымен бірге, ол өзге тілде жазылған шығармаларды қазақ тіліне шабыттана аударатын аудармашы да болған.
Ол - 1941 - 45 жылдары өткен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ақын. 1955 жылдың 18 қаңтары күні ұзаққа созылған аурудан кейін қайтыс болады.

4. «Жаңа толқында» Жаңа материалмен танысу

- Қазір, осы Қасым атамыздың «Қазақстан» деген үлкен шығармасынан үзінді оқып, танысамыз.
1. Магнитофоннан «Қазақстан» өлеңі тыңдалады.
- Өлең ұнады ма, балалар?
- Не туралы айтылған екен?
2. Іштен оқыту
- Ұнаса, енді өзіміз оқып шығайық. Қолдарыңа карандаш алып, түсініксіз сөздердің астын сызып отыруды ұмытпаңдар.
3. Кітаппен жұмыс
Әр шумақты әр балаға кезекпен оқыту
3. Сөздік жұмысы Дәптермен жұмыс
Балқаш – Балқаш өзені маңындағы өндірісті қала(картадан көрсету)
Қас тағдырдың қиқаңы - қиындықтың ауыртпалығы
т. б. оқушылар таныс емес деп тапқан сөздермен жұмыс жасау.

Топтарда жұмыс
1 -топ
1.«Бақытты қазақ баласы» деп өлеңнің қай шумағын айтуға болады?
2. Ақынның қуанған шаттанған көңілін білдіретін өлең жолдарын тауып оқыңдар
2- топ
1. Жеріміз сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Қасиетті жеріміз, киелі жеріміз
Қазақпыз сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Кең далалы қазақпыз.
Кең пейілді қазақпыз.
2. Намысы сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Ел намысы.
3- топ
1. Азат сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Азат жігіт
Азат қыз.
2. Құл сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Құл емеспіз.
3. Жанбыз сөзін қандай сөздермен тіркестіруге болады?
Еркін жанбыз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама