Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мұқағали - жыр ғұмыр
Жамбыл облысы, Қордай ауданы,
№6 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Бахытжанова Д. У.

«Мұқағали – жыр ғұмыр»
Мақсаты: Оқушыларға қазақтың біртуар тұлғасының бірі – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беріп, ақын өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру, өлеңді мәнерлеп жатқа оқыту. Жас буынды поэзия нәрімен сусындату, ақынның өлеңдеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту. Оқушыларды поэзияны сүйе отырып, ақын жырларынан үлгі алуға, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін өз бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.
-- Тоғжан:
Қарасаз, Қара шалғын өлеңде өстім
Жақсы жыр жазсам, халқым елеңдестің
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!
Мұқағали Мақатаев қазақ поэзия әлеміне ерекше леп, ерекше серпін әкелген ақын. Ендеше, бүгінгі поэзия кешіміз, атынан танылып тұрғандай, Хан тәңірінің мұзбалағы атанған дарын иесі, ақын Мұқағали Мақатаевқа арналмақшы.
Ән. «Саржайлауым». Орындайтын Әмина.
-- Ұлжан:
Армысыздар, құрметті қонақтар мен оқушылар!
Қуат алып Абайдың тіл - күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден,- деп жырлаған Мұқағали Мақатаев ағамыздың жырлары, жыл өткен сайын жарқырай, өркендей өсіп, оқырманын іңкәр етіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық.

--- Мұғалім. М. Мақатаев өзі туралы ”Менің анкетам" деген өлеңінде толық дерек берген.
”Менің анкетам" – Туған жерің?
– Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
– Туған жылың?
– 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
– Шыққан тегің?
– Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
– Білімің ше?
– Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
– Ана тілің?
– Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
– Қайда істедің?
– Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
– Шетелдерде болдың ба?
– Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда - ақ.
– Мекен - жәйің?
– Мекен - жәйім – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!
І - бөлім. Ақынның өмір жолы
-Әмина. Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидің негізгі шын аты – Мұхаметқали. Бірақ оны кішкентайынан еркелетіп Мұқағали деп атап кеткен. Әкесінің аты – Сүлеймен, анасының аты – Нағима. Әкесі соғыста қайтыс болған. 1941 жылы әкесі соғысқа аттанғанда Мұқағали не бары 10 жаста еді. Мұқағали мектеп бітірген соң, 1948 жылы Алматыда шет тілдер институтында оқып жүріп, артындағы отбасының тұрмысы ауыр болғандықтан, соларға көмектеспекші болып, оқуды еріксіз тастап, ауылға оралады. Мұқағали ауылдың хатшысы болып қызмет атқарады. Он жасар болашақ ақын майданға кеткен әкесін аңсап: Ол жерде Сырымбеттей тау бар ма екен, Жайдақтың шөбі шүйгін қаулар ма екен, Мінеки көп ай болды хабары жоқ, Әкем кеп көңілімізді аулар ма екен, Әкеміз бір әкеден жалғыз еді, Судағы жаңа біткен жалбыз еді, Мінеки, көп ай болды хабары жоқ, Біз дағы әкемізге зармыз енді.
-- Ғалымжан.
Әже баласы болған соң анасын Нақа деп атаған. Анасы мен әжесі Тиынның тәрбиесінде өсті. 1948 жылы орта мектепті интернатта оқып бітіреді.
1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті. Топырақ бұйырған жері Алматы.
---- Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем,
Ақ кимешек астынан сені көрем.
Өңі - түсі өзіңнен бір аумайды,
Немересін ертпесе жүре алмайды.
Таныс дауыс, таныс сөз, таныс мәсі,
Көзіме оттай басылып, алаулайды.
Аппақтығы ұқсайды әрінің де,
Әжімің де, аумайды тәлімің де.
Әлемдегі әженің бәрі бір ме?
Әже, сен тірі екенсің әлі күнге.
-- Айбар.
Шеше, сен бақыттысың! жыламағын.
Жай түсіп жатса дағы құламадың.
Тәңірден мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын.
Бармын ғой тірімін ғой, қасыңдамын,
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.!
Таусылып, өз - өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып тозбасыма,
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.
Тәңірім кеше көрсін кесірімді,
Аспанға жазам сенің есіміңді.
Шеше! Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдан иілген бесігіңді.
-- Жұлдыз.
1952 жылы ауылда жүріп өз отбасын құрады. Әйелінің аты - Лашын. Оның 4 баласы болды. Олар Майгүл, Жұлдыз, Шолпан, Айбар.
-- Бүгін де, кеше де, өткенде.
Іздесең қателік көп менде.
Қауғадай басыма барлығы,
Сіра да соқпай бір өткен бе.
Іздесең қателік көп менде,
Сен бірақ түңілме, жек көрме.
Лайсаң, жауындар, дауылдар,
Болмай ма күн шуақ көктемде.
--- Елдияр.
Жүре - жүре мен өмірге қанықтым,
Өмір сырын жаңа біліп, жаңа ұқтым.
Қызбалықтық күндерімді ұзатып,
Енді міне әке болып қалыппын.
Сен өмірге басқа жолмен бас қадам,
Әкең жүрген соқпақтардан қаш, балам.
Ұғып алда, сақ болып, өс айтайын,
Өмір жолын әкең былай бастаған.
Мен әкемнің тәрбиесін көрмедім,
Ал анамның ақылына көнбедім.
Тіпті кеше оқушылық кезде де,
Тізгінімді ешбір жанға бермедім.
Өмірімде бір иілген емеспін,
Менмендігі менен өткен жоқ ешкім.
Боламын деп «жалын жүрек, от кеуде»,
бола алмай, қуыс кеуде боп өстім.
Енді, міне, ұлым маған қарайды,
Өткір көзін өңменіме қадайды.
Көп қателік жіберіппін амал не?
Кешір, ұлым, мойындадым, жарайды!
----- Айдос.
Майгүл есімді қызы қайтыс болып кетеді. Ақын қызын ойлап қайғырады. Өмірге қызына арналған сағынышқа толы жыр жолдары келеді.
Ол өмірге келгенде көктем еді,
Жер гүлін, көк те нұрын төккен еді.
Саялатып сал - самал өпкен еді,
Сол өмірге несіне өкпеледі.
Сол өмірге несіне өкпеледі.
Ал өмір оны сыртқа тепкен еді.
Қайғырмаймын, жырым ғой жазылмаған,
Күрсінткені болмаса текке мені.

Ән. Сәби болғым келеді. Орындайтын Жұлдыз.
--- Мұғалім.
Таулар, таулар, тауларым - ай!
Сағынысып қаппыз ғой тарланым – ай!
Таудағыдай еш жерде күн шықпайды,
Түн болмайды еш жерде таудағыдай.
Тау менің несібеме тиіпті ерек,
Мендегі шаттық бөлек, күйік бөлек.
Ақсақалдар: - Таудай бол – дейтін маған,
Таудай болғым келеді биік керек. Осылайша тереңнен толғаған сыршыл ақын өмірден өз биігін іздеумен өтті. Ол биігі – Туған халқы, Ана тілі, Атамекені. ІІ - бөлім. Туған жер құдіреті. --- Айдын: Мұқағали лирик ақын. Адам жанының, табиғат жүрегінің жыршысы. Өзі өскен Алатауын, Қарасазын асқақ жыр құдіретіне бөлеп - ақ кетті.
Мен бақыттымын,
бақытты жерде туылдым.
Айналайын Қарасаз,
қасиетіңнен суыңның!
сенің әрбір бұлағың -
менің әрбір қан тамырым емес пе?
қасиетті тұрағым қасиетінен суыңның.
Қарасазым!
айтылмаған сезім ең.
мен іздеген бақыттың сен өзі мең?
сенің ғажап табиғатыңды кімге айтам,
кім құмартса, өзі көрсін көзімен.

-- Сейсен..„Туған жерім.
"Апырым - ай
Туған жер - ай!
теңдесер кім,
бұл жерге сен болмасаң, келмес едім.
кіндігімді байлаған қазығым - ай,
сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім.
Жат көзімен қарайды адамдарың,
жақын тартар құрбы да таба алмадым.
Жас отаудың есігін ашып қалып,
айлам құрып, қайыра жаба алмадым.
Кел демеді немесе кет демеді.
несін маған, білмеймін өкпеледі.
сені сүйген жүректі, туған өлкем,
сен өсірген біреулер жек көреді.
Туған елім көрмесем сағынамын,
кетсем ізім өзіңнен табылады.
жасыра алман інінің отауынан,
артық маған атаның шаңырағы.

--- Мұхамедали.„Қазақстан."
---- Жолдасбай. «Ана тілім!»

-- Айида.:”Үш бақытым"
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым - Тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ келдағы, оталменен. -- Алихан.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!»- деп сыбырлаған.
Жаным менің кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.!
Отан! Отан! бәрінен биік екен,
мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен.
Отанды сүйгенің де күйік екен.
Ән. «Наурыз». Оындайтын Тоғжан.

ІІІ - бөлім. Поэзия жыр құдіреті.
--- Мұғалім. М. Мақатаев поэзиясы – ескірмейтін, оқырманымен жасарып, жаңғырып отыратын әсем ырғақты күй. «Мұқағали поэзиясы – тірі поэзия». Ол поэзия құдіретін адам бойындағы асыл сезімнен іздеді. Ал өмірдегі жақсылық, махаббат атаулының негізі де осы аяулы да асыл сезім құдіретінде жатыр деп түсінеді. Ақын Фариза Оңғарсынова айтқандай «Мұқағали – ең алдымен ақын. Ол – қазақ жырының құдіреті». Олай болса, Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрелік

-- Құралай: Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,
неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім,- дейтін Мұқағали - біздің замандағы дарынды ақындардың бірі. Себебі ақын күннің нұрын, желдің лебін, гүлдің жұпар иісін, кең даланың салқын самалын жан - тәнімен сүйді.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан,
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан. Сені іздедім досымнан, қасымнан да, ақша бұлттан іздедім жасыннан да, сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда. қызыл - жасыл шұғыла шашылғанда, көкжиек пен көкжиек қосылғанда. Сені іздедім сезімге у шараптанда, минуттардан іздедім, сағаттан да, сені іздедім, іздеймін тағат бар ма? сені маған егіз ғып жаратқан ба?
-- Наргиза. Бүгін менің туған күнім ой - пәлі - ай,
Мына адамдар неге жатыр тойламай,
Банкет жасап берер едім өзім - ақ,
Тәңірдің бір жарытпай - ақ қойғаны - ай.
Мына дүние неге жатыр үндемей,
алаулатып тойдың шоғын үрлемей,
құшақ - құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«мынау – шапан, мынау атың, мін»демей.
Мына жұртқа жақпады ма әлденем,
бекер өмір сүргенім бе, әлде мен,
халқым сенің қасиетіңді білем деп
босқа өмірім өтті мекен әуремен
Айтамын деп қуанышың, мұңыңды
басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды
мен бәрібір өзіңменен бір болам
өзегіне тепсең дағы ұлыңды.
Тойланбаса, тойланбасын не етейін,
той көрмей - ақ, сый көрмей - ақ өтейін
қаламымды берші маған бәйбіше,
болашаққа арыз жазып кетейін.
-- Сымбат.
Дүниенің ағын да, қарасын да,
мыңқ етпейсің қабылдап аласыңда,
қарасымен шамаң жоқ таласуға,
ей, өмірім зымырап, барасың ба?
мен көктің желпініп арасын да,
желігесің түсесің қара суға,
құйын қуған қаңбақтай аласұра,
ей, өмірім зымырап барасың ба?
Мен отырмын теңіздің жағасын да,
бересім де жоқ оған, аласым да.
мені тастап толқындар ағасың ба?
толқынданып өмірім барасың ба?
Шаң шығарып ізінен құйындаған,
барасың ба, өмірім, қиындаған?
Сыйын маған ей, өмір, сыйын маған,
сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған.
--- Сағадат.
Досым саған сенемін сеніп өтем,!
жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген - адамның көрігі екен,
Достық деген адамның серігі екен.
Қыран күлкі - тамаша бәрі осында,
отырмын думан - тойдың арасында.
Береке бойдан асып жатқанымен,
Олқы тұр көңілім менің нанасың ба?
--- Аида.
Өлең деген тумайды жайшылықта,
Өлең деген тулайды жайшылықта.
Ақын болсаң жарқыным, алысқа аттан,
күнделікті тірлікке бой суытпа.
Айшылық жол, шөлдейсің, зарығасың,
Армандайсың, аңсайсың, сағынасың.
Жол азабын көресің, көресің де,
ашынасың біресе бағынсың.
Міне, осындай өлеңнің кілті деген,
құйттай жүйең қалмайды сілкімеген.
Аттанам деп алысқа, айдалада,
Адаспаса болғай - ды шіркін өлең.
--- Динмұхаммед.
Ей, өлең, маған тиген еншім едің,
Бой жазайын қасыма келші менің.
Менің саған шамалы жақсылығым,
сен де маған, әрине, көншімедің.
Келші маған, тез жетші, алданышым,
Тез жетші, атам Абай аруағы үшін,
Бейіштегі ұяңды қоя тұрғын,
тіршілікке керексің, арда құсым.
Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем?
Жансыз өлең жанымды алды кілең.
Бір ойым жүрегімде қаза болып,
Бір ойым көмейімді қалды тіреп,
Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем?

Мұғалім.: Жазушы баспасының ұжымы қайта құру және демократия
талаптарын ескере отырып, республикалық «Тұлпар» сыйлығының статусын бекітті. Аталмыш сыйлық екі жылда бір рет көркем проза, поэзия және әдеби сын саласындағы үздік шығармаларға беріледі.
Тұңғыш белгіленіп отырған «Тұлпар» сыйлығы 1991 жылы қазақ елінің үлкен ақыны марқұм М. Мақатаевтың «Жылайды жүрек» атты өлеңдер мен дастандар кітабына берілді.
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер - тұрманы.
деп сонау еленбей жүрген ерте кезінің өзінде ілгеріні ұлы ақындарша дөп басып дәл болжап өзінің айтқанындай Мұқағалимен бірге жүрген, көріп - білгендердің ішінде құлаш - құлаш еселеп естеліктер жазбағаны кемде - кем.
Естеліктерден үзінділер.

Лашын Әзімжанова(Ақынның зайыбы)

Мұқағалидың тілі бай, халық тілі еді ғой.
Ол халқын қалай сүйсе, халық та оны солай сүйді.
Фариза Оңғарсынова

Мұқағали - біздің заманымыздың поэзия дүниесіндегі құбылыс.
Егер ол құбылысты біз бірден байыбына барып, дөп басып, тани алмасақ, бұл - өнердегі заңдылық.

Нұрғиса Тілендиев
1975 - жылдың күзі. Ол кезде Мұқағали еш жерде жұмыс істемей, үйде шығарма жазып жатқан. Неге екенін қайдам, інімді арнайы іздедім.
Ақыры таптым. Екеуара кең - мол әңгімелескен соң мен оған аға ретінде қолқа салдым:
- Мұқаш батыр! Мен сенің өлеңдеріңнің қуаттылығын енді ғана толық түсініп, енді ғана танығандаймын. Әр сөзің халыққа жақын әрі ұғынықты, қарапайым. Ендеше неге өз халқың аузынан тастамай айтып жүретін әнге айналдырмасқа оны? Бұған қалай қарайсың.
Мен бұрын - соңды әннің сөзін жазған ақын емес едім, аға... Осының өзі қалай болар екен...
Ол әжептәуір ойланып қалды. Мен қайталап қолқа салдым. Бұл жолы қарсылық көрсеткен жоқ. Тек ауыр күрсінді. Сонда не ойлады екен?
Бұл күнде иісі қазақ аса жоғары бағалап, құрметпен айтатын„Сарыжайлау,"„Сәлем берем Жетісуға,"Сөнбейді, әже, шырағың,"
„Есіңе мені алғайсың",„Болмасын соғыс, болмасын,"„Кел еркем, Алатауыма,"
„Домбыра - досым "және басқа да көптеген әндер әрі жедел әрі сәтті туған дүниелер еді.
Тоғжан.
Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
... Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып өзіне қайтарамын.
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.
Мұғалім.
Жазылар естеліктер нешелеген,
Көрерміз оның бәрін пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бір - ақ нәрсе,
Көшеді өлең немесе өшеді өлең,- дейді Мұхаң.
Ақиық ақынға арнау, өлең де, эссе де, естеліктер де әлі жазыла берер. Мұқағалидың өзі айтпақшы: өлең көше ме, өше ме - мәселе сонда! Мұқағали ақынның жырлары – тіршілік тамырындай мәңгі жырлар. Жүрегі бар адамның сезімін селт еткізетіндей жырлары болашақ ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады.
Ендеше бүгінгі ақиық ақынға арналған жыр кешімізді өзімнің жүрегімнен шыққан жыр қатарларымен аяқтаймын.

Мұқағали – өлмейтұғын ғұмыр жыр, Уақыт жылжып жырларыңмен сағындыр. Сырлы әуен жүректерге нұр құйсын, Рухыңмен поэзия құдіретті бағындыр. Шабыттандың ескен желдің лебінен, Сыр аңғардың боранды аяз демінен. Бар ғұмырың әсем сазға айналып, Естілгендей саз сырнайдың үнінен. Сынайтұғын жаратушы сыйымен, Табиғаттың заңдылығы қатал тым. Сырға толы, жырға толы жырыңмен, Поэзия формуласы атандың.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама