Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 сағат бұрын)
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастар үшін жасаған сапары

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жоғары сапалы оқу орнына сапары кезінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға барып, университеттің осы күнге дейін жеткен жетістіктерімен танысып, студенттерге қызмет көрсететін «Керемет» орталығын аралады. Оның сапарының негізгі себебі - сандық технологиялар енгізу мен қатар бизнес-құзыреттерді дамыту кластері болды. 

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов елбасына оқу орынның білім беру жүйесі мен жетістіктерін толықтай баяндап берді. Университет ректоры мемлекет басшысына ҚазҰУ-дың әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналатынын айтты. Осы мақсатқа жету барысында ЖОО құрылымдық жаңартулар енгізіліп, жаңа факульттер құрылып, кафедралар арттырылды. Білім ордасы 2011 жылдан бастап беделді және танымал «QS WUR» рейтингі бойынша әлемнің үздік жоғары оқу орындарының ішінде 207 орынды иемденді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы студенттік кампус аумағында орналасқан «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығын аралады. Бұл орталық студенттер мен оқытушыларға білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық,ойын-сaуық ,соған қоса, медициналық алғашқы көмeк көрсетy сияқты 500-ден астам қызмет түрлерiн ұсынады.  Бұл орталықта ол студенттермен жолығып әңгімелесті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама