Қауіпсіздік ережелері, санитарлық - гигиеналық талаптар. Тамақтану мәдениеті. Ет және ет тағамдарының құнарлылығы.
Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіздік ережелері, санитарлық - гигиеналық талаптар. Тамақтану мәдениеті. Ет және ет тағамдарының құнарлылығы. Сапасын анықтау. Етті дастарқанға тарту реті». Қой етін мүшелеу және әзірлеу.
Сабақтардың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларды техникалық-қауіпсіздік және санитарлық-гигиеналық ережелерімен таныстыру. Тамақтану мәдениеті мен қой етін мүшелеу және әзірлеу туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Өзара бір - біріне көмек көрсете білу, ережелермен ас үй туралы жаңа білімдерді дамыту.
Тәрбиелік: Жұмыста ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ (экономика негіздері және қаржы сауаттылығы)
Сабақтың әдісі: түсіндіру.
Көрнекілігі: Қауіпсіздік ережелері жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
3. Жұмыс орнын ұйымдастыру.
4. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
ІІ. Жаңа сабақ.
Санитарлық – гигиеналық талаптар. Тамақты дайындау кезінде оған ағзаға зиянды ауру тудыратын микробтар түсіп, тамақтан уланып қалмау үшін санитарлық – гигиеналық талаптарды сақтау керек.
Бөлмелер мен жабдықтарға қойылатын талаптар.
1. Асүй бөлмесі таза болуы қажет. Ылғал шүберекпен үнемі сүртіп отыру керек.
2. Таза ыдысты жабық шкафта немесе жабық сөрелерге қою керек.
3. Тамақ қалдықтарын қақпағы бар шелекке салып, дер кезінде шығарып отыру қажет.
Тамақ дайындайтын адамға қойылатын талаптар.
1. Тамақты алжапқыш тағып дайындау керек.
2. Қолды тазалап жуу керек.
3. Шашты жинап, орамал тағу керек.
Тамақты жасауға қойылатын талаптар.
1. Мерзімі өтіп кеткен азық - түліктерді пайдаланбау керек.
2. Азық - түлікті бөлуге, турауға жеке - жеке тақтайлар қолданылады.
3. Тамақ әзірлеу алдында азық - түлік мұқият жуып, тазалайды және турайды.
4. Тотығатын металдан және сыры кеткен ыдысты пайдалануға болмайды.
Ет мүшелеу – сойылған малдың етін жілік - жілігімен бөлшектеу. Қазақ халқының дәстүрінде әр жіліктің табаққа тартылу тәртібі бар. Атап айтқанда, қойдың төрт аяғында он екі жілік болады. Оң жағындағы қолы мен санында жамбас, ортан жілік, асықты жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік және жауырын аталатын сүйектер бар. Сол жақтағы қолы мен санында да дәл осы алты жілік бір - бірімен жалғасып жатады. Сойған қойдың етін осы жіліктердің буын - буыны бойынша ажыратып бөледі. Бұл әдіс жіліктеу деп аталады. Осы жіліктердің ішіндегі жамбас қадаға немесе сыйлы қонаққа тартылады. Сол үшін жамбас арнайы сақталады. Ал қабырғалар мен омыртқалар жілік асылғанда үстемеленеді. Бұғана, мойын, құйымшақ, т. б. қазанға етпен қосып салынғанмен, көбіне бала-шағаға тиесілі. Ірі қара да осы әдіспен сойылады. Қазақ ғұрпында етті қиқымдамай, балтамен шауып сүйегін қиқаламай таза боршалап тұздайды. Ал теледі де, 5 минуттан соң дөңгелек күлше, етіп жайылады. Әрбір күлшенің ортасына ет турамасы салынып, күлшенің ортасы ашық қалдырылады да, екі шеті жапсырылады. Майланған табаға орналастырылып, көтерілген соң жұмыртқа жағылады. Температурасы 230 - 240° С пеште пісіріледі. 6 кесе ұнға — 2 ас қасық қант, 80 г асхана маргарині, 175 г меланж, 1 шай қасық түз, 45 г ашытқы, 2 кесе су, ортасына салуға — 750 г жұмыртқа қосылған ' ет турамасы, бетіне жағылатын май.
Ет мүшелері — еттің қазақша атаулары. Олардың негізгілері: бас, жақ, жақ ет, үрт ет, мойын, мойын ет, бұғана, қара қабырға, сүбе, қазы, төс, төс ет, төстік, ауыз омыртқа, кәрі жілік, жұмыр жілік, асықты жілік, тоқпан жілік, жамбас, жая, белдеме, мойын омыртқа, ұзын омыртқа, жүрек, үлпершек, бауыр, көк бауыр, бауыр ет, бүйрек, ұлтабар, қарта, қима, тоқ ішек, ащы ішек, желін, қом, қарын, өкпе, сирақ, бүйен.
Біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынылатын кәделі әрі орны бөлек тағамдарының ең – бастысы қазақша ет. Қазақтар сылы қонақтарға мал басын көрсететін. Соның ішінде аса құрметті, ардақты, ел сыйлайтын қонақтарға тай немесе құлын сояды. Егер қонақтар көп болса ірі жылқы сояды. Сөйтіп қонақтарға табақ – табақ ет тартылады. Табақ тарту да үлкен өнер, елдікке сын. Мұның да ұлттық, салттың тәртібі мен реті жөн - жосығы болады. Әр табақ қонақтар дәрежесі мен жасына, іліктік жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз, бала т. б.) сәйкес келуі керек. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, қос табақ, жай табақ, жастар табағы, күйеу табақ, келін табағы болып бөлінеді.
Аталған табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды.
Бас табаққа: бас, жамбас, омыртқа, сүбе қабырға.
Қос табаққа: ортан жілік, омыртқа сүбе қабырға.
Сый табаққа: жамбас, омыртқа, қабырға, ортан жілік.
Жай табаққа: асықты жілік, жауырын, қабырға, омыртқа.
Жастар табағы: кәрі жілік, тоқпан жілік, қабырға, омыртқа.
Күйеу табақ: асықты жілік, омыртқа, қабырға, төс.
Міне, осылай әр табақтың көлеміне және оның адамдарына сәйкес кәделі мүшелері, тартылып, бәріне де сыйлы, шұрайлы еттер мен мүше сүйектер салынады. Әр кісінің қонақтың жасына, іліктік, туыстық қатынасына қарай малдың әрбір мүшесінің соған лайық орны болады.
Экономика тарихы. Экономикадағы басты мәселелер.
Дүниеде не нәрсе болсын белгілі бір заңдарға бағынады, бұл заңдар – экономика заңдары. Сондықтан экономикалық даму адамзаттың өркендеу негізін, ал экономика тарихы оның бүкіл тарихының негізін құрайды. Экономикалық тарих белгілі бір аймақта тұратын халықта артық тауар өндіруден, әлгіндей тауар шығаруға тікелей қатыспаған, бірақ оларды мейлінше пайдаланған әр түрлі адамдар тобының бөлініп шығуынан басталады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде мұндай қатынас болған жоқ. Сондықтан бұл дәуір тарихи кезең ретінде экономика тарихында арнайы қарастырылмайды.
Әрқандай қоғам, қай кезде өмір сүрсе де, өзінің экономикалық құрылымына ие болған. Әрқандай қоғам экономикада мынадай басты сауалдарға жауап табуы тиіс:
Қауіпсіздік ережелері, санитарлық - гигиеналық талаптар. Тамақтану мәдениеті. Ет және ет тағамдарының құнарлылығы. жүктеу