Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 12 сағат бұрын)
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Дүниетану 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Жануарлар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. Олардың да өсімдіктер сияқты алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру. Жануардың тіршілік иесі екенін және оларға қажетті жағдайлардың жануар тіршілігі үшін маңыздылығын ұғындыру.
Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру. Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Көрнекілік: Суреттер. «Жануарлар» топтамасы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Табиғат бөліктері:
Адам
Өсімдік

Жануар
Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
1. Жануар – тірі табиғаттың маңызды бөлігі.
2. Жануарлардың көп түрлілігі.
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс.
- Оқулықта берілген суретпен жұмыс.
- Мәтінді мәнерлеп оқу.
- Дауыстап кезекпен оқыту.
- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп, тізбектей оқыту
Жануарлар – тірі табиғаттың маңызды бір бөлігі. Олар өсімдіктер өсетін жерлерді мекендейді. Оның себебін өзің еске түсіріп көр.
Жануарлардың бір тобы – жабайы аңдар. Жабайы аңдар табиғатта өздігінен тіршілік етуге бейімделген.
Жануарлардың екінші бір тобына кіретін түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкіні үй жануарлары дейді. Оларды мал деп те атайды. Малды адам қолда бағып өсіреді. Жабайы аңдар мен малдар төлдерін емізіп, сүтпен қоректендіреді. Сондықтан оларды «сүтқоректі жануарлар» деп атайды.
Теледидар арқылы берілетін жануарлар жөніндегі бағдарламадан жабайы аңдардың тіршілігін бақылап көр. олар да өмірге өз ұрпағын әкеледі. Төлдерін жанашырлықпен күтіп, бағып өсіреді. Оларға азық тауып береді. Есейгенше қорғаны болады. Ал үй жануарларының тіршілігі оларға қарағанда жеңіл ме, қалай ойлайсың?

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау:
?! 1. Дала жануарларын неге «жабайы аңдар» дейміз. өзің білетін жабайы аңдарды ата.
2. Жабайы аңдардың пайдасы туралы айт.
3. Үй жануарлары туралы әңгімеле. Олардың пайдасы жөнінде айт.

Жұмбақтарды шеш
Жұмбақтардың шешімдерін суреттерден тап.
Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды кісіні.

Басына өскен тарбиып,
Жапырақсыз бұтағы.
Алады одан қан құйып,
Емге шипа бұл дағы.

Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама