- 20 жел. 2021 00:00
- 311
Қайың қабығы
«Қайың» — деген сөзді естіген кезде көз алдымызға ақ қабығы діңін қаптаған тіп-тік өскен ақ қайыңдар мен «мың бұрала билеген» ақ қайыңдар бейнесі елестейді. Еліміздің солтүстік өңірін «ақ қайыңдар өлкесі» деп те атайды. Қайын ағаштары кесілген кезде олардың қабықтары босқа ысырапқа ұшырайды. Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары соңғы жылдары қайыңның қабығын кәдеге асыру жолдарын іздестіріп битулин дәрісін жеңіл жолмен алу әдісін дәлелдеп шықты. Қайың қабығынан вирустық және склероз ауруларына, тіпті СПИД дертіне қарсы дәрілер жасауға болатынын анықтап отыр.
Оқуға кеңес береміз:
Қызыл кітапқа тіркелген қайың түрлері