Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қазақ еліне саяхат ойыны
«Қазақ еліне саяхат» ойыны
Мақсаты: Оқушылардың қазақ еліне саяхат жасау арқылы қазақ елі, өнері, қалалары туралы ой - өрісін кеңейту
- Қош келдіңіздер! үшінші сынып оқушыларымен бірге «Қазақ еліне саяхат» жасаймыз. Қазақ еліне саяхат жасай отырып, біз қазақ халқының тұрмысы, мәдениеті, өнерімен, қалаларымен танысамыз.
Саяхатымыз ойын түрінде өтеді. Бұл ойынға 3«Б» сынып оқушылары екі топқа бөлінеді
Сыныпқа кіріп келгенде, үстелде карточкалар жатыр, сол карточканы әр оқушы алып, қай топта екенін анықтаймыз.
1 - топ Ұлан, 2 топ - Сұңқар

Сонымен, ойынымызды бастаймыз.
1.«Нағыз сайыс басталады мінекей, бар күшіңді ортаға сал қәнекей!»- дей келе, ойынның алғашқы шартымен таныстырамыз.
«Қазақ еліне саяхат» жасау үшін командаларымыз жолдама алу керек. Бұл жолдаманы алу үшін мынадай шарттан өту керек, яғни «сөзі шырайлының жүзі райлы»дейді халқымыз, командаларымыз Отан туралы мақал мәтелдер сөздер қиығынан құрастыру. Отанды сүю - от басынан басталады. Отан оттан да ыстық. Командалар берілген сөздерден мақал мәтел құрастырады. (Командалар мақал - мәтелдерін айтып шығады)
2. Командаларымыз жолдамаларын алды. Енді саяхатқа бару үшін бізге компас қажет. Қазақ елін дұрыс таба аламыз ба? Компастағы сұрақтарға жауап беріңдер. (Командаларға конверттер таратылады. Конверт ішінде Қазақстан жері, шекарасы туралы сұрақтар. Командалар сол сұрақтарға жауап беру керек.)
Сұрақтар
- Солтүстік Қазақстанда қай қала орналасқан? (Астана)
Шығыс Қазақстанда қай қала орналасқан?(Өскемен)
- Оңтүстік Қазақстанда қай қала орналасқан?(Алматы)
- Батыс Қазақстанда қай қала орналасқан? (Атырау)
3. Командаларымыз қазақ қалаларын компас арқылы дұрыс тапты. Қазақ жеріне аман есен жетті. (Қызбен ұл шығып, қолдарында «Қош келдің, қазақ еліне!»плакат ұстап тұрады, қарсы алады. Тақпақ айттады)

Қазақстан – бұл біздің Отанымыз,
Қазақстан – бұл біздің ардағымыз.
Кең байтақ Қазақстандай жерде туған
Біздің барма екен арманымыз!

Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу неткен көркем,
Осы бізің туған өлкем!

Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Оның Мемлекеттік рәміздері, мемлекеттік тілі, астанасы, Ата заңы бар. Келесі ойнымыздың кезеңі «Кім көп біледі?» деп аталады. Командалар сұрақтарға жауап береді және Қазақстан Республикасының рәміздеріне кездесетін суреттерді, бейнелерді дұрыс табу, берілген тапсырмаларды орындау.
4. Сұрақтарды мына «Сұрақ қоржынынан» аламыз.
- Астана қандай қала?
- Астана қаласында нелер бар?
- Картада көгілдір түспен нелер белгіленген?
- Картада неше бағыт бар?
- Қазақстан жері қандай?
- Я в выходный день пойду в «Думан». (переведи)
- Картада нелер бар?
- Солтүстік Қазақстанда қай қала орналасқан?
- Қазақстанның қандай қалаларың білесің?

Қазақ еліне саяхат ойыны. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама