Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ертегі еліне саяхат
2 - 3 сынып оқушылары арасындағы сайыс
Ертегі еліне саяхат
Мақсаты:
1) Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру;
2) Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту; балалардың логикалық қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл - ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға машықтандыру.
3. Еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған, тапқырлығымен тамсандыратын салауатты, саналы етіп тәрбиелеу, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру - көрсету, сұрақ - жауап, баяндау, бақылау, дидактикалық, логикалық ойындар.
Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінің суреттерімен, шармен безендірілген сахна, «Кітап қалай жасалды?», «Ертеге кейіпкерлері» тақырыбындағы слайд презентация, суреттер, «Ертегілер елінде» көрме, тапсырмалар берілген карточкалар, бейнетаспа.
Амандасу. Шаттық шеңбер:
Дөңгеленіп тұрайық
шеңберді біз құрайық
Қол ұстасып бәріміз
Ақ тілекті жолдайық
Әлемде нұр тыныштық
Әрбір бейбіт күн ыстық
Қайырлы таң балабақша
Қайырлы күн достарым
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламын
Сәлем! Сәлем! Сәлем!
Кітапханашы: Ата - аналар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Ертегілер еліне саяхатқа» қош келдіңіздер. Бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.
«Кітап оқисың ба, жас дос?» сауалнама жүргіземіз.
1. Өзің сүйіп оқитын кітап?
2. Сенің жақсы көретін ертегің?
3. Ең алғаш оқыған кітабың?
4. Қай кітапты, ертегіні қайтадан оқыр едің?
5. Сенің сүйікті әдеби кейіпкерің?
6. Қазір қандай кітап оқып жатырсың?
7. Кітапханашы апайлардың аты кім?
«Кітап қалай жасалды?» тарихқа саяхат. Экранға назар аударыңыздар.
Әдеби монтаж «Ертегі сиқыры»
1 - оқушы: Өткен күн таңтамаша ертегі ғой,
Айтады ертегі сыр, ертегі ой.
Ертегі айтса еліктіріп балалар,
Қиялға қызықтырып ертеді ғой.
2 - оқушы: Ертегіде халықтың мұң - зары бар,
Орман, тау, өрмелейтін кұздары бар.
Жамандықпен алысып, жауын жеңген
Халқымның ұлдары мен қыздары бар!
3 - оқушы: Жауларымен алысып жекелеген,
Батыр ма ел намысын өтемеген.
Ертегімен халқымыз ертеңіне
Ұрпағын қызықтырып жетелеген.
4 - оқушы: Кел онда, ертегіні шертейік біз,
Қауымды мына келген ертейік біз.
"Ертегі еліне" бір саяхаттап,
Келгендерді соңымыздан ертейік біз.
Өте жақсы, балалар! Ендеше ертегілер елінің қақпасын ашайық! Бізді қандай ертегілер күтіп тұр екен.
Сайыс шарттары:
1. Миға шабуыл
2. Ерте, ерте, ертеде ертегілерден үзінді
3. Кейіпкерлерді қорғау
4. Үй тапсырмасы
5. Ертегі мен мультфильм
6. Суретпен жұмыс
7. Кімнің заты?
8. «Кітап ненеі сүйеді?»
1 - тапсырма.
«Миға шабуыл» сұрақтар беріледі.
1. Ертегілер туралы кім не біледі?
2. Ертегілерде кімдер туралы, нелер туралы айтылады екен?
3. Ертегінің қандай түрлері бар,?
4. Ертегі басталғанда қалай басталады?
Балалар, ертегілер — бұл қиял - ғажайып оқиғалар туралы әңгімелер. Ертегілердің түрлері көп. Хайуанаттар туралы, қиял - ғажайып, шыншыл ертегілер, аңыз - ертегілер болып бөлінеді. Сендер өздерің қандай ертегілер білесіндер? Әжелерің ертегі айтады ма? Сендерге қандай ертегілер айтты? Қане, кім айтар екен?
"Ерте, ерте, ертеде Ешкі жүні бөртеде Қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен".
2 - тапсырма: "Ерте, ерте, ертеде..." деп ертегілерден үзінді оқылады. Бұл тапсырмада ертігінің аты, кейіпкерлері, ертегіде не туралы айтылады? Осы сұрақка жауап берсек "Ертегілер елінің" қақпасы ашылады.

3 - тапсырма: Балалар ертегілердің жағымды, жағымсыз кейіпкерлері болады. Жағымды кейіпкерлерді атайықшы, өте жақсы. Енді жағымсыз кейіпкерлерді атаймыз? Келесі тапсырмада топ басшылары мына суреттердегі ертегі кейіпкерлері болып өзін - өзі қорғайды..
"Мақта қыз бен мысық "
Мақта қыз: Мен Мақта қыз үйімді тазаладым,
Сен, мысық, кайта - қайта мазамды алдың.
Қатық төктің, еңбекті қадірлемей,
Құйрығынды жұлып ап жазаладым.
Мысық: Көзіме көрінбей тышқан,
Мен мысықпын іші пысқан.
Қатығынды қайтардым төккен,
Қайырымды алдым көптен.
Біздің ортамызда мыстан кемпір отыр. Ертегіде мыстан кемпірдің істері сендерге жағымды болады ма, әлде жағымсыз ба? Өзі не дер екен?

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,
Жетібай селосы, №8 орта мектеп кітапханашысы:
Шаханова Қарлығаш Тойбазарқызы

Ертегі еліне саяхат. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама