Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 19 сағат бұрын)
Қазақ тілі пәнінен карточкалар жинағы
Карточка № 1
1. Ауызекі тіл дегеніміз не?
2. Мазмұндама дегеніміз не?
3. Мәтін дегеніміз не?
4. Мәтін қалай құралады?
Бірін бірі көріп және сетіп тұрған адамдардың өзара қарым қатынасы, әңгімелесуі.
Белгілі бір мәтіннің мазмұнын жазбаша түрде баяндап беру.
Жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу.
Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады. Мәтін сөйлемдері бір бірімен мағына жағынан байланысып тұрады.

Карточка № 2
1. Тақырып деген не?
2. Жазбаша тіл дегеніміз не?
3. Әңгімелеу мәтіні дегені не?
4. Сипаттау мәтіні дегеніміз не? Мәтін атауын тақырып деп атайды. Тақырып мәтінде не туралы айтылғанын көрсетеді.
Адамдардың хабарды жазып беруі жазбаша тіл дейміз.
Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады.
Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады.

Карточка № 3
1. Пайымдау мәтіні дегеніміз не?
2. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
4. Лепті сөйлем дегеніміз не?
Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтінің атайды.
Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді атайды. Соңында нүкте қойылады.
Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді атайды. Соңында сұрақ белгісі қойылады.
Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді айтады.

Карточка № 4
1. Сөйлемдердің байланысын қалай табады?
2. Мәндес сөздер деген не?
3. Түбір деген не?
4. Қосымша деген не?
Сөйлемдегі сөздер бір бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы табылады.
Тілімізде бір бірімен мәндес, мағыналас сөздер болады. Олар бірінің орнына бірі қолданыла береді.
Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігін түбір деп айтады.
Түбірге қосылған бөлшекті қосымша дейміз.

Қазақ тілі пәнінен карточкалар жинағы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама