- 05 нау. 2024 03:25
- 220
Карточкалар Қазақ тілінен (10 сынып)
Корточкалар Қазақ тілінен (10 сынып)
№ 1
Тәуелдік жалғаулы сөздердің астын сызып, олардың тәуелдіктің қай жағында, қай (оңаша, ортақ) түрінде тұрғанын айтыңдар.
Отан! деп, тілі шықты бал бөбегім,
Отан! деп, бөбегіме бал беремін.
Тербеткен гүлге бөлеп бесігіне
Отанға жан беремін, ән беремін.
Нұсқадың екі айтқызбай әміріңді,
Жаңғыртып қағамыз біз дабылыңды.
Шарықтап шың басынан шырқатамыз,
Ардақтап мына ғажап дәуірімді.
Отанның ұрпағымыз, түлегіміз,
Отаннан тыныс алған жүрегіміз.
№ 2
Тексті көшіріңдер. Зат есімдерді тауып, олардың негізділерін түзу сызықпен, туындыларын ирек сызықпен сызыңдар.
Алыстан көрінгенде, көл ғой деп едік, қасына келсек көлшік екен. Аузымен орақ орған өңкей мылжың. Қарт бақташы сиырларын кешкі сауынына қайырып келеді де, сауылып болғанша үйіне қайтпайды. Еңбек түбі - береке, көптің түбі - мереке.
Ел көркі - мал, өзен көркі - тал. Аңшы аңды ұстасам дейді, аң аңшыдан құтылсам дейді.
№3
Тексті оқып шығып, көп нүктенің орнына тиісті көптік жалғауын қойып көшіріңдер де, мағыналарын айқындаңдар.
Менің творчествомның басты тақырып... ы – соғыс тақырыбы. Бұл тақырып менің кітабымнан кітабыма көшіп келеді, сабақтасып келеді. Кейбір жолдас...: « Соғыс аяқталғанына біраз жыл... өтсе де, сенің кітап... ыңда тоқтамай жүріп жатады ғой», - деп әзілдейді. Майдан өмірін жақсы білетін, майдангер... жанын терең түсінетін ақын... үшін жалынды жыл... жайында әрқашан да толғап отыру - үлкен парыз. Солдат... дың жорық жол... ын еске түсіріп, ерлікті жырлау – азаматтық борыш.
№ 4
Зат есімдерге жақшадағы жұрнақтарды жалғап, туынды сөз жасаңдар. Олардың мағыналарын ажыратыңдар.
Күрке. Үй. Бөлме (- шық, шік)
Пальто. Етік. Үй ( - сымақ)
Дәрігүл. Әлия. Құман. Қалжан. Нұрбек. Айдарбек. (- ш, - ыш,- іш)
Нұрмағамбет. Жақып. Сақып. Нұргүл (- қан,- ан,- кен.)
№ 5
Шығыс септігінде тұрған сөздерді тауып, олардың жалғауларын бөлек жаз.
Шынының жаңа қасиеті.
Адамның шыны өндіре бастағанына 5 мың жылдан асқан. Шыныдан жасалған бұйымдар күнделікті тұрмысқа көп қолданылады. Шынының құрамына кремний, кальций, натрий, калий, алюминий, магний, қорғасын және оттегі элементтері кіреді. Шыны заттары сынғыш болады. Соңғы жылдары шынының құрамына жоғарыда аталған элементтерден басқа цезий, титан, вольфрам тағы басқа элементтерді қосып, оның жаңа сорттарын жасады. Бұл – болаттан мықты, алюминийден жеңіл, тотықпайтын шыны. 3500 градус температураға төзеді, ұрғанда сынбайды.
№6
Өлеңді оқып шығып, тыныс белгілерінің қойылу себебін айтып, тәуелдік, жіктік жалғаулы сөздерді табыңдар
Дауысыңды естіп тұрмын, қарлығашым,
Шырылдап неге сонша қарлығасың?
Тимеймін балапанға, өзім – бала,
Неге сен мұнша маған жалынасың?
Білем мен талай жерді араладың,
Шарқ ұрып, ойладың да бала қамын
Сол үшін ана жаның елжірейді,
Келмейді жүрегіңді жаралағым
Білем мен қасиетті ана сырын,
Шырқырап бөбегіне жаны ашырын.
Тимеймін балапанға, мен де сондай,
Біреудің әлдилеген баласымын.
№ 7
Жатыс септігінде тұрған сөздерді тауып, көшіріп жаз.
Достар
Қыстыгүні Зейін баққа барды. Бақта әдемі қызыл төс торғайлар жеміс ағаштарының бүршіктерін шоқып жүр екен.
- Қандай әдемі торғайлар - дейді Зейін. Ол торғайларды ұстап алғысы келді. Бірақ торғайлар ұшып кетті.
- Бір – екі торғайды үйге апарайын деп едім, ұстатпайды,- деді Зейін.
- Олар аш сенен жем сұрап жүр. Күн сайын жем беріп, қолға үйрету керек, - деді шешесі. Зейін қуанып кетті. Ағаштың төменгі жағына жем шашатын тақтай орнатты. Міне, енді бізге торғай үйренді. Шашқан бидайды тақтай үстінене жейтін болды. Кейін алақандағы дәнді шоқитын болды.
Карточкалар Қазақ тілінен (10 сынып). жүктеу