Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі
Мақсаты
Оқушылардың білім деңгейін көтеру.Ана тілі – қазақ тілінің мәртебесін көтеруге ұмтылдыру. Мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қоғамдағы алатын орны, қолданысы мен бүгінгі жай-күйі туралы мәлімет бере отырып, грамматикалық сауаттылықтарын шыңдау, жеке тұлғаның ой - қабілетіне әсер ету арқылы оқушыларды өздігінен жұмысқа баулу, сөйлеу шеберліктерін, тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, ойлылыққа жетектеу, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, ой шақыру, топтық, түсіндірмелі,
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, кітап, сурет
Техникалық құрал: Интерактивті тақта
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Сәлемдесу, сабаққа даярлау
2. Бүгінгі сабақтың құрылымын таныстыру
Сабақ «Ашық журнал сабағы»деп аталады.
Журналдың әр парағында тақырыптар берілген
Қайталау – оқу анасы
Жаңа сабақ құпиясы
Кітап – досың ақылшың
Біліміңді байқап көр
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
5 – тапсырма
Берілген омонимдерді қатыстырып сөйлемдер құру
Қызығушылықты ояту. Ой шақыру
Қайталау – оқу анасы
«Кубик лақтыру» ойыны. Түрлі – түсті кубикті ортаға тастаймын. Түстерді таңдау арқылы тапсырмаларды орындайды. (3 минут уақыт беріледі)
Тапсырмалар
1.Ұлттың аты – қазақ
2. Ел Ордасы – Астана
3. Сөз табы - Етістік
4. Сөздің көркі – мақал
5. Ұлы ақын – Абай
6. Тәуелсіздік ұғымы – Еркіндік
7. Мемлекеттік тіл – Қазақ тілі
2. Тірек сөздер арқылы жұмыс. Сөйлем құру.
Тіл ата – баба Аманаты .Өнер қызыл тіл алды. Ғарыш тілі біздің ана тіліміз болды. Мектептер ұлттық өссін саны.
ІІІ. Мағынаны тану
2. Жаңа сабақ құпиясы
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі
Қазақ тілі... өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымыңа қонымды, жүрегіңе тиімді. Қысылтаяң жағдайда қайрап, егеп, сөз тапқанға қолқа жоқ дегендейін ерге, елге медет болып, адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл деп Б.Момышұлы айтқандай тіліміздің тамыры тереңде жатыр. 22 – қыркүйек –Тілдер мерекесі. Осы ұлы дүбірлі той республика көлемінде аталып өтуде. Тіл – біздің мемлекетіміздің, ұлттық өркендеуіміздің тірегі. Паустовскийдің «Ана тіліне немқұрайлы қарау, өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз» деп айтқан пікірінде үлкен мән бар.
3. Кітап – досың, ақылшың
Жаттығулар мен тапсырмалар жұмысы
1 – тапсырма.
Мәтінді оқу. Қарамен жазылған сөздердің синонимдерін табу. Тақырыптың мазмұнын ашатын 3-4 тірек сөйлем теріп жазу.
Сөздікпен жұмыс
Мәртебе – статус
қатынас құралы – средство общения
қызмет ету – служить
Ресми – официальный
Жариялау – заявить
Мәлім – известно
2 – тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын жазу. Сөйлем мүшесіне талдау
3 – тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жазу. Сөз құрамына талдау
ІV. Бекіту. Ой толғаныс. Эссе Туған тіл – тағдыры
Карикатура
Біліміңді байқап көр.
Торкөздегі сандарды атау арқылы сұрақтарға жауап беру
Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Тіл туралы заң қашан қабылданды?
Жалғаудың неше түрі бар?
«Тіл»сөзін септе
«Ұрпақ» сөзіне фонетикалық талдау жасау
Буынның түрлерін ата.
Тіл туралы мақал айту
Мынау, әне сөздері қай сөз табына жатады?
Мақал мәтел – сөз мәйегі (жалғастыру)
Өнер алды – қызыл тіл
Сөз түбін – сөз табар
Тіземнен сүріндірсең сүріндір, тілімнен сүріндірме
Көп сөз – көмір,
Аз сөз - алтын
Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ
Тіл – буынсыз,
Ой – түпсіз
Сөйлей – сөйлей шешен боларсың,
Көре – көре көсем боларсың
Тіл қаруы – сөз
Сөз қаруы – ой
Сөз тапқанға қолқа жоқ
Өлең алтын, сөз күміс
Сөз асылы – мақал
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар
Сөз – адамның айнасы
Тіл – жүйріктен де озады
Қорытынды
Ана тіліміздің биікке көтеріле алмауы бізге, қазақтарға сын.Мемлекеттік тіл болып жарияланған соншама бай, шұрайлы тіліміздің қасиетін өзіміз білмей, бағаламай келеміз. Ана тіліне уызынан жарыған бала ғана халқының тарихына үңіледі... бай ауыз әдебиетінің ғажайып әлеміне жол тартады. (Ж. Аймауытов)
Классик жазушымыз Ж.Аймауытов 1918 жылы «Абай» журналына шыққан мақаласында былай депті: «Естеріңізде болсын, қара халықтың мәдениетті болуынан, мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын. Баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Орыс тәрбиесінде кеткен бала ұлт қызметкері бола алмайды»
Шынында да, бүгінде әр түрлі деңгейдегі лауазымды қызметкерлеріміз аз емес. Бірақ солардың бәрі ұлт мүддесін қорғап отыр ма?...
Үйге тапсырма 5 – тапсырма
Ұрпақ , мәртебе, тіл сөздерін түсіндірме сөздіктен анықтай отырып, шағын әңгіме құру
Бағалау