Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақ тілінен қайталау сабақ
Қайталау сабағы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған модулі бойынша білімдерін бекіту, тексеру теориялық білімдерін практика жолдарымен ұштастыру
Оқушылардың тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз заманының озық ойлы, кең, өрісті шығармашыл, мәдениетті, азаматын тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелесу, сөйлесу, өз ойларын тиянақты жеткізу
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
Ә) Психологиялық дайындық: (Сабақтың ұраны)
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерледі ұл - қызын мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім

Енді сабағымыз жақсы өту үшін жақсы тілектермен бастаймыз:
«Шаттық шеңбері»
Сәттілік біздер тілейік.
Мен саған, сен маған
Күнде күліп жүрейік.
Күнінің нұрын төгейік,
Сен маған, мен саған.

Елбасымыз Н. Ә Назарбаев «Қазақ тілі - өте әдемі, көркем тіл, сондықтан бұл тілді білмеу мүмкін емес»
Сұрақ: Тілдер мерекесін қашан тойлайды?
22 - қыркүйек т3лдер күні.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 22 қыркүйек - Қазақстан
халықтарының тілдері күні деп жарияланған сол себепті мемлекеттік тілді қаншалықты меңгеріп, үйренгенімізді осы қаталау сабағында көрсете білейік.

2. Үй тапсырмасын тексеру: «Миға шабуыл»
Зат есім деген не?
Атау септігі қандай сұрақтарға жауап береді?
Тәуелдік жалғау дегеніміз не?
Дәптермен жұмыс: (дәптерлеріне күнін, сабақтың тақырыбын жазу)
Жекеше жұмыс: Әр оқушыға карточкалар беріледі.
Тапсырмалар орындау: (жазбаша жұмыс)
Бір зат есімді жекеше, көпше түрінде тәуелдеңдер.
Ауызша жұмыс:
мектебім, кітабы, анаңыз, аналары, отбасың, қарындашыңыз, қаламыңыз сөздерін тәуелдеу (қай жақта тұрғаны, жалғауларын атау)
Мысалы: мектебім – тәуелдік жалғаудың бірінші жағы, жалғауы ім, түбірі - мектеп
Музыкалық сергіту сәтін орындау:(қызыл өрік биіне билеу) қимылмен көрсету

Сұрақ: Сұраулық шылауларды атаңдар?

2 - тапсырма
Сұраулық шылаудың тиістісін қойып сұраққа жауап беріңдер.

Үлгі: Мынау Азат...? Ия, бұл - Азат.

«Пирамида» ойынын ойнату (топтық ойын)
Пирамида бойынша сөзден сөз құрастыру
Мысалы:
Ойын
Ойын ойнадым
Мен шахмат ойнадым
Мен бүгін шахмат ойнадым
Мен бүгін шахмат ойынын ойнадым

1 - ш топқа тіл сөзі
2 - ші топқа қазақ сөзі

Музыкалық сергіту сәті (қимылмен көрсетіп билеу)

Жалқы есімдер деген не?
1 - тапсырма
Асты сызылған сөздердің орнына жалқы есімдіктерді қойып жазыңдар?
Мысалы:
Оның атасы ағаш екті.
Арманның атасы ағаш екті

Сөздік жұмысы:
Сараңдылық - жадность
Жалқаулық - лень
Екіжүзділік - двуличие
Менмендік - высокомерие
Қорқыныш - страх
Кемшілік - недостатки
Қарапайым - скромность

Мәтінмен жұмыс: (оқу, сөздік арқылы аудару)
1. Жұрттың бәрімен, әсіресе, қарт адамдарымен қай жерде, қай уақытта болсын амандасып жұр. Денсаулығым жақсы болсын десең, өзгелердің де саушылығын сұрап амандас.
2. Өзіңді айнала қоршаған табиғатты сүй.
3. Өз бойындағы сараңдылықты, жалқаулықты, екіжүзілікті, менмендікті, қорқынышты жең. Адамға сен, адамды сүй. Олар туралы өзің әділетсіз сөз айта.
4. Қарапайым бол!
5. Әр нәрсеге бола ашуланба.
6. Егер сен дұрыс жасамасаң, кемшілігіңді тез түзетуге тырыс.
7. Қуанышты күндеріңді жиі еске түсір.
Сұрақ: Тәуелдік жалғауы бар сөзді табыңдар? Жекеше көпше түрінде тәуелдеңдер.

Қорытынды.
Сабақты бекіту үшін тест тапсырмалар орындау.
Тест сұрақтары:
1. Тәуелдік жалғауы дұрыс жалғанған сөзді тап:
А) менің сыныбым Ә) біздің үйде Б) біздің кітап
2. «Мектеп» деген сөз қай тілден шыққан?
А) орыс Ә) түрік Б) араб
3. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөзді тап:
А) денсаулық Ә) денсаулығы Б) денсаулықта
4. Дұрыс жазылған сөзді көрсет:
А) мүгалім Ә) мұғалім Б) мұғалым
5. Сенің кітаб... сөзіне дұрыс жалғауды жалға.
А) – ым Ә) – ың Б) – ы
6. Зат есімді табыңыз
А) оқушы Ә) оқыды Б) қызық
Үйге тапсырма:
Жаңа сөздерді жаттау, Зат есім туралы оқу.
«Зат есім» тақырыбына сөз жұмбақ немесе ребустар құрастыру.
Бағалау

Ақмола облысы, Бурабай ауданы,
Ақылбай ауылы орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі
Шәріпова Жанар Жәнібекқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама