Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қазақ тілінен тест тапсырмасы
Қазақ тілінен тест тапсырмасы
Тақырып
№ Мазмұны
1. Фонетика.
2. Дауысты дыбыстар.
3. Дауыссыз дыбыстар.
4. Буын.
5 Үндестік заңы.
6. Морфология.
7. Зат есім.
8. Зат есімнің жалғаулары.
9. Сын есім.
10. Сан есім.
11. Есімдік.
12. Етістік.
13. Одағай.
14. Шылау.
15. Оқшау сөздер.
16. Қыстырма сөз.
17. Қаратпа сөз.
18. Синтаксис.
19. Сөйлем мүшелері.
20. Сөйлем түрлері.
21. Құрмалас сөйлем.
22. Лексика.
23. Синонимдер.
24. Антонимдер.
25. Мақал - мәтелдер.
26. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.
27. Қазақстан
28. Ұлы адамдар

Фонетика.
Дауысты дыбыстар.
1 - нұсқа.
1. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.
А) ы В) а С) о Д) у Е) ә
2. Жуан дыбыстарды көрсетіңіз.
А) І, Ы, Е, И. В) Е, И, У, О. С) А, О, Ұ, Ы. Д) А, Ғ, Ө, Ұ. Е) О, Ө, Ұ, Ү.
3. Жіңішке буынды дәм атауын көрсетіңіз.
А) Күшті, үлкен. В) Ащы, қышқыл. С) Семіз, ерен. Д) Тәтті, дәмді. Е) Тұзды, қатты.
4. Дауысты дыбыстардың жақтың қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.
А) жуан, жіңішке В) еріндік, езулік С) ұяң, қатаң Д) ашық, қысаң Е) үнді, жуан
5. Дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.
А) жуан, жіңішке В) қысаң, ашық С) үнді, ұяң Д) еріндік, езулік Е) қатаң, ұяң
6. Ашық дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) а, ұ, ү В) у, и, і С) у, і, ы Д) а, о, е Е) е, ө, й
7. «Ы» дыбысы қойылатын сөзді көрсетіңіз.
А) Жазғ.... В) Кәр.... С) Бөр... к. Д) М... нез. Е) Д... мді.
8. Бірыңғай жіңішке дауыстылардан тұратын сөздерді көрсетіңіз.
А) Қиық. В) Береке. С) Сынып. Д) Қиғызу. Е) Кітап.
9. Жіңішке буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) сынып, парта В) дәптер, қалам С) мереке, білім Д) қыркүйек, қоңырау Е) кітап, оқушы
10. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қандай түрлерге бөлінетінін белгілеңіз.
А) Үнді, қатаң В) Езулік, еріндік С) Жуан, жіңішке Д) Қатаң, ұяң Е) Ашық, қысаң
11. Жіңішке дауыстылар қатарын көрсетіңіз.
А) ы, ұ, и В) а, ү, о С) ұ, е, ө Д) ө, і, е Е) о, э, у
12. Жуан дауысты сөзді табыңыз.
А) Кезең. В) Куәлік. С) Көне. Д) Ғұлама. Е) Билік.
13. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.
А) у В) о С) а Д) ө Е) ұ
14. Барлық буында жазылатын дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) а, ы, і В) э, ә, и С) о, ө, ұ Д) у, ұ, ө Е) ә, ү, у
15 Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстары бар сөзді көрсетіңіз.
А) мемлекет В) отан С) саудагер Д) көзілдірік Е) достар
16. Қай дауысты дыбыс әрі жуан, әрі жіңішке дауыстыға жататынын анықтаңыз.
А) е В) и С) о Д) а Е) ү
17. Жуан да жіңішке де болатын дыбысты табыңыз.
А) О. В) Е. С) У. Д) А. Е) Ө.
18. Тек жуан дауысты дыбыстан тұрған қатарды көрсетіңіз.
А) Кінәлі, дүдәмәл. В) Ботагөз, Өмірзақ. С) Ақтөбе, тарихи. Д) Су, бауырмал. Е) Ушығу, қабілет
19. Жіңішке дауысты сөзді табыңыз.
А) Базар В) Қора С) Қауырсын Д) Кілем Е) Сауысқан
20. Жіңішке әрі ашық дауысты дыбысты көрсетіңіз.
А) О, И. В) Ү, І. С) Ә, Е. Д) А, Ұ Е) Е, Ы.
21. Тек жуан дауысты дыбысты сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Кенесары, өнерпаз. В) Ұлытау, қуғыншы. С) Емхана, арбакеш. Д) Игілік, ержүрек.
Е) Қыстыгүні, кітаптар.
22. Жуан дауысты дыбыстары бар сөзді белгілеңіз.
А) Кеңес. В) Күндіз. С) Сабыр. Д) Екеуі. Е) Келуші.
23. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарын белгілеңіз.
А) о, е. В) а, и. С) и, у. Д) ө, ү. Е) ы, э.
24. Тек жіңішке дауысты дыбыстар қатарын анықтаңыз.
А) О, ө, у. В) А, ә, е. С) Ы, і, и. Д) Ә, ө, і. Е) Э, о, ү.
25. Дыбыстар неше топқа бөлінетінін көрсетіңіз.
А) 5. В) 2. С) 3. Д) 6. Е) 4.

Дауысты дыбыстар.
2 - нұсқа.
1. Фонетика нені зерттейтінін көрсетіңіз.
А) Сөз таптарын. В) Тіл дыбыстарының жүйесін. С) Сөз тіркесінің байланысу тәсілін.
Д) Сөз құрамын. Е) Сөз мағыналарын.
2. А, О, Ұ, Ы қандай дыбыстар екенін көрсетіңіз.
А) Езулік. В) Қысаң. С) Еріндік. Д) Жуан. Е) Ашық.
3. Бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) Ы, И, Ү, У... В) О, У, Е, І... С) Ә, І, Е, Ө... Д) Ә, А, О, Ү... Е) И, Е, А, Ө...
4. Жуан дауысты дыбыстар қатарын көрсетіңіз:
А) ә, и. В) ү, і. С) а, о. Д) ө, ә. Е) у, і.
5. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.
А) ы В) ү С) ұ Д) о Е) у
6. Жуан дауысты дыбыстар қатарын анықтаңыз.
А) Е, і, о. В) И, ө, ы. С) Ұ, о, а. Д) Я, ә, е. Е) Ү, е, у.
7. «О» қандай дыбыс екенін анықтаңыз.
А) Жуан. В) Қысаң. С) Езулік. Д) Дауыссыз. Е) Жіңішке.
8. Жуан әрі еріндік дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) е, а В) ә, а С) о, ұ Д) и, ө Е) ү, і
9. Езулік дауыстылардың саны қанша екенін белгілеңіз.
А) 8. В) 6. С) 10. Д) 7. Е) 12.
10. «У» дыбысы жуан болып тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Кету. В) Жүру. С) Жету. Д) Секіру. Е) Қайту.
11. Қысаң дауыстылар қатарын толықтырыңыз: Ы, і, у, ү, ұ,...
А) А. В) И. С) О. Д) Ә. Е) Е.
12. «Ұ» дыбысына талдау жасаңыз.
А) Жіңішке дауысты. В) Ұяң дауыссыз. С) Үнді дауыссыз. Д) Жуан дауысты. Е) Қатаң дауыссыз.
13. Тек жуан дауысты дыбыстан құралған сөзді табыңыз.
А) Арбакеш. В) Өнерпаз. С) Екілік. Д) Аққу. Е) Биыл.
14. Қазақтың төл сөздерінде сөз соңында келмейтін дыбысты белгілеңіз.
А) А. В) І. С) О. Д) Е. Е) Ы.
15. «а» дыбысы жақтың ашылуына қарай қай дауыстыға жататынын белгілеңіз.
А) Қысаң. В) Ашық. С) Еріндік. Д) Жуан. Е) Жіңішке.
16. Бірыңғай қысаң дауыстыдан болған сөзді көрсетіңіз.
А) Іні. В) Немере. С) Ана. Д) Бала. Е) Шөпшек.
17. Бірыңғай езулік жіңішке дауыстылардан болған сөзді белгілеңіз.
А) Жоңышқа. В) Еріншек. С) Мүсәпір. Д) Бүлдіршін. Е) Бүлдірген.
18. «У» дыбысы екі рет дауысты болған сөзді белгілеңіз.
А) Жауласу. В) Таулық. С) Қауышу. Д) Татуласу. Е) Баулық.
19. Қысаң дауыстылардың саны қанша екенін белгілеңіз.
А) 7. В) 10. С) 4. Д) 6. Е) 8.
20. Тек қана жіңішке дауысты дыбыстары бар сөзді белгілеңіз.
А) Оқушы. В) Сынақ. С) Кітап. Д) Күнтізбе. Е) Сынып.
21. Бірыңғай қысаң дауысты сөзді көрсетіңіз.
А) Баста. В) Қонақ. С) Іңір. Д) Тағалы. Е) Қаза.
22. Қысаң, езулік дыбысты көрсетіңіз.
А) и. В) у. С) ө. Д) а. Е) о.
23. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар екенін белгілеңіз.
А) 13. В) 16. С) 15. Д) 42. Е) 20.
24. Бірыңғай еріндік дыбысты сөзді ажыратыңыз.
А) Метр. В) Әңгіме. С) Көну. Д) Білімді. Е) Жеміс.
25. Қай дауысты дыбыс әрі жуан, әрі ашық, әрі еріндік болатынын белгілеңіз.
А) и. В) у. С) а. Д) о. Е) ы.

Дауыссыз дыбыстар.
1 - нұсқа.
1. Қатаң дауыссызды көрсетіңіз.
А) д, в, е В) б, й, р С) п, ш, қ Д) м, ң, н Е) ғ, л, у
2. Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
А) В, Б, Г, Ғ, Ж В) Д, З, Һ, Т, В С) К, С, Т, Ш, Л Д) Б, В, К, С, Д Е) Л, Д, Р, М, П
3. Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) қ, к, п, с В) б, в, г, ғ С) н, р, у Д) й, л, м Е) д, ж, з, һ
4. Тек ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталған сандарды көрсетіңіз.
А) 6, 9, 1 В) 4, 10, 7 С) 5, 8, 10 Д) 4, 11, 15 Е) 100, 9, 30
5. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатар келген сөзді көрсетіңіз.
А) Қасқа. В) Арқан. С) Қаймақ. Д) Алма. Е) Алғаш.
6. Ұяң дауыссыз дыбысы жоқ сөзді көрсетіңіз.
А) лездеме В) өзгеріс С) міндет Д) көмір Е) қазба
7. Сөздің басында жазылмайтын әріпті көрсетіңіз.
А) ғ В) ң С) ы Д) ә Е) қ
8. Дыбыссыз әріптерді көрсетіңіз.
А) х, һ В) у, й С) с, ц Д) ъ, ь Е) і, ы
9. Үнді дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді табыңыз.
А) Азат. В) Аймақ. С) Айман. Д) Алпыс. Е) Сапар.
10. Қатаң дауыссызға басталып, қатаңға аяқталған сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Асқар, тау, базар В) Алып, доп, кел С) Ұлт, болашақ, жан Д) Мал, киіз, отау Е) Қас, шаш, құқық
11. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді көрсетіңіз.
А) Айдын, шие, әдеп В) Кедей, емен, тау С) Күн, мектеп, аула Д) Аймақ, орта, мөлдір
Е) Бұлт, зерттеуші, жағажай
12. Буын құрай алмайтын дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) и В) ү С) ы Д) а Е) ж
13. Тек үнді дауыссыз дыбысқа аяқталатын сөздерді көрсетіңіз.
А) Үн, үй, көл В) Көз, құлақ, ауыз С) Қонақ, кісі, қуаныш Д) Зерек, жеміс, ерлік Е) Бота, бала, жаға
14. Тек ұяң дауыссыз дыбыстан тұратын сөзді көрсетіңіз.
А) Баға В) Алыс С) Аспан Д) Гүл Е) Белгі
15. Қатаң дауыссыз дыбыстарды табыңыз.
А) б, з В) р, у С) з, һ Д) қ, к Е) л, м
16. Қазақ тіліне тән дыбыстарды табыңыз.
А) ж, ң, н В) й, і, ә С) р, д, у Д) а, е, ы Е) ғ, қ, һ
17. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын үй жануарын белгілеңіз.
А) Ешкі В) Сиыр С) Жылқы Д) Қой Е) Түйе
18. Қазақ тілінде неше үнді дыбыс бар екенін анықтаңыз.
А) 10. В) 6. С) 7. Д) 4. Е) 2.
19. Тек қатаң дауыссыздан жасалған сөзді табыңыз.
А) Көз. В) Көш. С) Қожа. Д) Қиыр. Е) Қияр.
20. Ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздерді көрсетіңіз.
А) хабар, үміт, шағын В) атақ, бақыт, заң С) күн, егін, жол Д) шөл, су, нарық Е) жаз, жұлдыз, үздіксіз
21. Тек қатаң дауыссыздан тұратын сөздерді көрсетіңіз.
А) Заң, жарыс, бұлақ. В) Қарға, жаға, аспан. С) Аққу, апта, көк. Д) Ағаш, аула, ел. Е) Бет, жол, емен
22. Ғ - әріпі жазылатын сөзді көрсетіңіз.
А) Жа... ажай. В) Е... ін. С) Те... іс. Д) Үл... і. Е) Заң... ер.
23. Құрамында қатаң дауыссыз дыбыс бар сөзді табыңыз.
А) Дөң В) Қатық С) Ру Д) Ғалым Е) Жаза
24. Үнді дауыссыздан басталатын сөзді көрсетіңіз.
А) жеміс В) қонақ С) достық Д) рақат Е) шығарма
25. Ұяң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) н, ч, ұ В) б, в, г С) ә, п, ц Д) т, у, й Е) м, л, р

Дауыссыз дыбыстар.
2 - нұсқа.
1. Үнді дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
А) Ң, Р, Л, М... В) И, Ң, В, Г... С) Қ, Л, М, Н... Д) Р, Л, М, И... Е) С, У, Ш, Ң...
2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды табыңыз.
А) д, т, р В) қ, ң С) р, н, д Д) а, о, м, д Е) й, у, ж
3. Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) г, ғ В) л, м С) н, р Д) д, ж Е) п, т
4. Тек ұяң дауыссыздарды көрсетіңіз.
А) П, Ғ, В, К... В) П, У, Х, В... С) Д, Ж, С, В... Д) Б, В, Р, Л... Е) Б, В, Ғ, З...
5. Қазақ алфавитіндегі әріп санын көрсетіңіз.
А) 33 В) 40 С) 41 Д) 36 Е) 42
6. Қатаң дауыссызға аяқталатын сөзді көрсетіңіз.
А) нәтиже В) мемлекет С) қарағай Д) ойын Е) пән
7. Үнді дауыссыз дыбыстары бар сөздерді көрсетіңіз.
А) қыз, ата, қар В) жүн, қой, ет С) бал, жүз, топ Д) сүт, шұжық, май Е) мың, нан, мал
8. Ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзді көрсетіңіз.
А) Мәдениет В) Біз С) Кездік Д) Тармақ Е) Оқулық
9. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын мемлекет атауын көрсетіңіз.
А) Қазақстан. В) Албания. С) Ресей. Д) Украина. Е) Грузия.
10. Үнді дауыссыз дыбысқа аяқталған көне қала атын көрсетіңіз.
А) Йассы. В) Ақмола. С) Семей. Д) Түркістан. Е) Қарағанды.
11. Жалғауы ұяң дауыссыз дыбыстан басталған сөзді көрсетіңіз.
А) Тәуелсіздіктен В) Әйелдер С) Өнерлер Д) Шеберлер Е) Көшпенділерге
12. Үнді дауыссыз дыбыстармен басталған сөздерді көрсетіңіз.
А) Қазына, әдіс, ұят. В) Наурыз, райхан, мереке. С) Кездік, серік, бой. Д) Отбасы, шығыс, әлем. Е) Дауыл, бөлме, доп.
13. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын сөзді көрсетіңіз.
А) рухани В) қоғам С) шығыс Д) бағыт Е) әділ
14. «У» дыбысының дауыссыз дыбысты таңбалап тұрғанын көрсетіңіз.
А) бару, келу В) сурет, жуан С) сулы, сұлу Д) тау, дау, сау Е) су, шу, қу
15. Қатаң дауыссызды көрсетіңіз.
А) д В) в С) қ Д) у Е) р
16. Үнді дауыссыздан басталатын сөзді көрсетіңіз.
А) Емен. В) Зерек. С) Намыс. Д) Теңге. Е) Дастан.
17. Ұяң дауыссыз дыбысты көрсетіңіз.
А) й В) б С) қ Д) м Е) п
18. Қ - әріпі жазылатын сөзді көрсетіңіз.
А) ө... іл В) үзді... сіз С) уа... ыт Д) ше... ара Е) іс... ер
19. Ұяң дауыссыз дыбыстардан қазақ тіліне тән дыбыстарды көрсетіңіз.
А) қ, т В) б, д С) з, ж Д) ғ, һ Е) д, ж
20. Қатаң дауыссыздан басталатын сөзді көрсетіңіз.
А) күрес В) үміт С) орман Д) байлық Е) ғарыш
21. Мына дыбыстардың қайсысы ұяң дауыссыз дыбысқа жататынын көрсетіңіз.
А) қ, к В) б, в С) й, л Д) р, у Е) ч, ш
22. «Баяндама» сөзіндегі әріп пен дыбыс санын анықтаңыз.
А) 9 әріп, 8 дыбыс. В) 8 әріп, 9 дыбыс. С) 8 әріп, 8 дыбыс. Д) 9 әріп, 9 дыбыс. Е) 8 әріп, 7 дыбыс.
23. Тек үнді дауыссыз дыбыстары бар сөзді табыңыз.
А) Сапар. В) Айман. С) Алпыс. Д) Азат. Е) Аймақ.
24. Қатаңға басталып, қатаңға аяқталған сөзді белгілеңіз.
А) Орман. В) Жолбарыс. С) Тауық. Д) Торғай. Е) Арыстан.
25. Ұяң дауыссыздан басталған қосымшаны табыңыз.
А) Қаламның. В) Мерекеге. С) Тойлар. Д) Достың. Е) Есіктер.

Дауыссыз дыбыстар.
3 - нұсқа.
1. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін көрсетіңіз.
А) Ашық, қысаң. В) Ұяң, жуан, қатаң. С) Қатаң, ұяң, үнді. Д) Үнді, жіңішке, езулік.
Е) Еріндік, езулік.
2. Қатаң дауыссыздар қатарын табыңыз.
А) Б, В, Г. В) Р, У, Н. С) Б, Л, Қ. Д) Ф, Х, Ч. Е) Ж, Р, С.
3. Құрамында төрт дауыссыз дыбысы бар сөзді табыңыз.
А) Азан. В) Тау. С) Қарақат. Д) Қарт. Е) Сахара.
4. Тек ұяң дыбысты сөзді көрсетіңіз.
А) Халық. В) Ұшқыш. С) Жазғы. Д) Айқын. Е) Көпір.
5. Үнді дыбыстары бар сөзді табыңыз.
А) Наным. В) Жаға. С) Отбасы. Д) Көкжиек. Е) Бастық.
6. Ұяңнан басталып ұяңға аяқталған сөзді табыңыз.
А) Төрт. В) Сегіз. С) Жүз. Д) Тоғыз. Е) Бір.
7. Құрамында тек қатаң дыбыстары бар сөзді табыңыз.
А) Дөң. В) Ру. С) Қатық. Д) Ғалым. Е) Жаза.
8. Үнді дауыссызға аяқталған сөзді белгілеңіз.
А) Ұшқыш. В) Қала. С) Шәкірт. Д) Көпір. Е) Аймақ.
9. «У» әрпі қай қатарда дауыссыз болып тұрғанын анықтаңыз.
А) Жазушы, шешуші. В) Жабу, кебу. С) Туды, жуды. Д) Дауыс, қауын. Е) Бу, қу.
10. Тек ұяң дыбысты сөзді көрсетіңіз.
А) Нарық. В) Ұшақ. С) Жазда. Д) Айқын. Е) Қара.
11. Үнді дауыссызға аяқталған сөзді белгілеңіз.
А) Қонақ. В) Дала. С) Шәкірт. Д) Өмір. Е) Қаймақ.
12. Жұп болып келмейтін ұяң, қатаң дауыссыздарды табыңыз.
А) З - Х. В) Т - Д. С) Қ - Ғ. Д) В - Ф. Е) П - Б.
13. Қатаң дыбыстары бар сөзді табыңыз.
А) Із. В) Қыс. С) Май. Д) Лаң. Е) Біз.
14. Дауыссыз дыбыстың түрін табыңыз.
А) Ашық. В) Жіңішке. С) Еріндік. Д) Үнді. Е) Езулік.
15. Қатаң дауыссыздан басталып қатаң дауыссызға аяқталған сөзді табыңыз.
А) Парыз. В) Сақтан. С) Тамыр. Д) Қайрат. Е) Арман.
16. Үнді дауыссыздан құралған сөзді белгілеңіз.
А) Дыбыс. В) Ынта. С) Бұлақ. Д) Тоқты. Е) Аңның.
17. Бірыңғай ұяң дауыссыздан құралған сөзді белгілеңіз.
А) Қобыз. В) Мұрат. С) Мылтық. Д) Мезгіл. Е) Доға.
18. Ұяң дауыссыздар қатар тұрған сөзді анықтаңыз.
А) Наурыз. В) Кітап. С) Жаңбыр. Д) Аспан. Е) Қаздар.
19. Дауыссыз дыбыстардың үндесуін табыңыз.
А) Сингормонизм. В) Екпін. С) Дыбыс үндестігі. Д) Үндестік заңы. Е) Буын үндестігі.
20. Ұяң дауыссыздан басталатын бес арыстың бірін көрсетіңіз.
А) Ахмет. В) Мағжан. С) Шәкәрім. Д) Жүсіпбек. Е) Міржақып.
21. Тек қатаң дауыссыз дыбыстарды табыңыз:
А) с, т, п, қ, к. В) қ, ш, ғ, д, г. С) б, в, ғ, г, з. Д) а, м, р, т, н. Е) ы, с, х, м, ң.
22. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған сөзді көрсетіңіз.
А) Сана. В) Ешкі. С) Жаңа. Д) Шана. Е) Табиғат.
23. Тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын әріпті табыңыз.
А) а. В) в. С) м. Д) с. Е) т.
24. Қос қатаң дауыссыз дыбыс тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Әліпби. В) Етпетінен. С) Жазғы. Д) Арман. Е) Түнгі.
25. «Ұжымдастыру» сөзіндегі ұяң дауыссыз нешеу екендігін көрсетіңіз.
А) 2. В) 1. С) 5. Д) 4. Е) 3.

Қазақ тілінен тест тапсырмасы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама