Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қазақ халқынының салт-дәстүрлері

Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні, сеніміне,тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Қазіргі әлемде рухани байлықтың тоқырауы байқалуда және осы мәселені шешуде салт-дәстүрлердің сақталуы мен одан әрі дамуы үлкен орын алады. Әсіресе, қазақ халқының салт-дәстүрлері рухани жан азыққа толы деп есептеймін. Бұлай ойлауымның себепшісіне қазақ халқының салт дәстүрлері атты кітап айналды. Кітапқа кішкене тоқтала кетсем:

Жалпы мәдениетте салт-дәстүр үлкен және маңызды орын алады. Мәдениет дегеніміз- адамзаттың өндірістік, әлеуметтік және рухани жағынан жеткен жетістіктерінің жиынтығы мәдениет деп аталады. Қазақ мәдениеті өзіне көптеген салт-дәстүрлерді енгізеді. Мысалға кішкене бөлігін айта кетсем: 

Амандасу салты,бала асырап алу салты, шаруашылыққа байланысты салт-дәстүрлер, әлеуметтік мәдени салт дәстүрлер, Баланың тәрбиесіне байланысты салт дәстүрлер. Оның ішінде; екі қабат әйелге қамқорлық, жарыс қазан, шілдехана,сүйінші,балаға ат қою, бесік тойы, тұсай кесу,атқа мінгізу тойы, сүндет той. Бір ғана балаға арнылған осыншама салт-дәстүрлер бар. Үйлену және үй болуға байланысты салт-дәстүрлер: құда түсу, жаушы жіберу, құдаларды қарсы алу, есік-төр көрсету, ұрын келу, ілу тойы, қалың мал мен кәделер, жасау, келін түсіру тойы. Бүгінгі күннің салт- дәсүрлері: шілдехана, мектепке бару тойы, үйлену тойы,қоныс тойы. Осы салт-дәстүрлердің ішінде балаға ат қою дәстүріне тоқтала кетсем:

Балаға ат қою мәртебесі аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына,әжесіне берілген. Кейде «Қырықтың бірі қыдыр» деп құдайы қонаққа да баланың атын қойғызатын сәттер болған. Көбінесе молданы әкеп азан шықыртып, баланын атын койдырған. Ат койыстың өзінен де бүкіл бір халықтың ұлттык ерекшелігі, таным-түсінігі, ой-арманы көрініп тұрады.      Мәселен, ерте заманда балаларға көз тиюден немесе жын-шайтаннан сақтасын деген оймен Итбай, Күшікбай, Жаманбай деген сиякты келеңсіз, оғаш есім коятын болған.

Адамға ат коюдын себептері алуан түрлі тілек- мақсаттарға орайлас болып келеді. Айталық: 1) бала дәулетті де бай, ауқатты болсын деген тілекпен: Байбол, Дәулет, Алтынбек, Малдыбай; 2) күшті де батыл, қырағы да сақ, ер жүрек болсын деп: Арыстан, Батырбек, Қаһарман, Алпамыс, Тарғын, Қамбар, Қобыланды, Қожа, Әлібек: 3) сулу да, көрікті, ажарлы да, әдемі болса екен деп: Айсулу, Нұрсұлу, Әсем, Аққыз, Арайша, Ботакөз, Раушан; 4) денсаулыгы зор, өмір жасы ұзақ болса екен деп: Ұзақбай, Өмірзақ, Мыңжасар, т. б. ; 5) мырза, жомарт болса екен деп: Жомарт, Мырзабек, Қайыржан 6) акылды да тапқыр болса екен деп: Ақылбек, Данабек, Еспол, Асыл, т. б. есімдерді тандап қойған. Ертедегі есімдер халыктын әдет-ғұрып, салт-сана, күн, жыл аттарына да байланысты болып келген. Мысалы: Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай, Мешітбай, Тышқанбай, Аманжол, Жомарт, Жолшыбай, т. б. Ал балалары тұрмай өле берген үйлерде өмірге жана келген сәбилерге: Тоқтар, Тұрсын, Ізтөлеу, Төлеген, Ұлжан деген сиякты есімдер қойылған. Жалпы бір ғана ат қою рәсіміне қазақ халқында көптеген салт-жоралғы кездеседі.

Қорытылай келе айтатын болсам: Бұл кітаптан мен өзіме көптеген дәстүрлерді аштым десем де болады. Мысалға:жарыс қазан дәстүрі, есік-төр көрсету дәстүрі, ұрын келу,ілу тойы және тағы да басқа көптеген жаңа дәстүрлер. Осы дәстүрлердің барлығы қазақ халқының рухани мәдениетінде үлен орын алады, оларды біз ғана сақтап, келесі ұрпаққа жеткізе аламыз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті “Дінтану және
Мәдениеттану” кафедрасы “Мәдениеттану” мамандығының                     
2 курс студенті Арнұрқызы Гүлнұрдың
Айжан Нурхамитовнаның жетекшілігімен жазған мақаласы.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама