- 26 ақп. 2023 00:00
- 224
30 жылдық тәуба
Ғұлама бір ақсақал шәкірттерімен әңгіме барысында: “30 жыл бұрын “Әлхамдүлиллаһ” дегенім үшін 30 жыл бойы тәуба етіп келемін,” — дейді. Шәкірттері таң қалып, мұның мәнін сұрағанда, әлгі ақсақал былай деп түсіндіреді: “Сауда орнында үлкен өрт шығып, көптеген саудагерлердің дүкендері өртеніп, иелері үлкен шығынға ұшырайды. Өрт туралы маған хабар жеткенде мен “Сенің дүкеніңе ештеңе болмапты” деген сүйінші хабарға абайсыздан “Әлхамдүлиллаһ” дей қалдым. Кейін осы әрекетіме қатты өкіндім – мұсылман бауырларымның мал-мүлкі жанып кеткен кезде, өзімдікі аман қалды деп шүкір еткенім шынайы мұсылмандыққа жараспады деп қатты қобалжыдым, еңіреп тәуба еттім. Кейін өрттен зиян көрген мұсылман бауырларыма ортақтас болайын деген мақсатпен, дүкенімдегі барлық заттарды кедейлерге таратып берсем де, сол күннен бері 30 жыл бойы тәуба етсем де, әлі де жаным тыныштық таппады. Мен өлген кезде ешкім білмейтін, адам жүрмейтін бір жерге апарып жерлеулеріңді сұраймын. Топырақ мені қабылдамай қойса, достарымның алдында ұят болмасын.