Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 39 минут бұрын)
Қазақстан боксшысы Сұлтанбек Айбарулы Кубок әлемінде финалға шықты

Қазақстан құрамасының боксшысы Сұлтанбек Айбарулы Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогының жартылай финалында жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл туралы Tengri Sport Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айбарулы Германияның өкілі Валери Вальтермен қолғап түйістірді. Қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіс тойлады.

Айта кетейік, бұған дейін 80 келі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Диас Молжігітов жарақат салдарынан жартылай финалға шыға алмаған болатын. Ол ширек финалда британдық Оладжимеджи Шиттумен кездесуінде көзінен жарақат алған еді. Осылайша, Молжігітов турнирді қола жүлдемен аяқтап, оның орнына бразилиялық Вандерлей Перейра финалға жолдама алды.

Бұған дейін қазақстандық боксшы Виктория Графеева да әлем кубогының жартылай финалында жеңіске жетіп, финалға шыққан болатын. 60 келі салмақ дәрежесіндегі кездесуде ол поляниялық Анета Элзивета Рыгельсканы төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді.

Жаңалықтар

Жарнама