Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қазақстан киноиндустриясының дамуы

Қазақстан – жер көлемі бойынша үлкен ел, дегенмен халқының саны аз әрі мұнда әртүрлі ұлттардың өкілдері мидай араласа өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар еліміз он сегіз миллион тұрғыны бар – Орталық Азия аумағындағы экономикалық қуаты бойынша ең дамыған  мемлекет. Мемлекетіміздің кино өнеркәсібі де осы аймақтағы елдер ішіндегі ең алдыңғы қатарлы, қарқынды деп есептеледі. Қазақстан киноөндірісінің қалыптасуы мен дамуы, киноөндіріс қайраткерлерінің шығармашылық өсімі белгілі қиындықтармен қатар жүрді. Бұл қиындықтар қазақ киносының бастапқы кезеңінде, ол өзінің дəстүрі, өзіндік жазуы, ал жұмыскерлердің тəжірибесі болмаған кезеңде ерекше байқалды. Сондықтан Қазақстан кинематографистерінің алғашқы қадамдары өте жасық жəне сенімсіз болды. Оған кино өнерін зерттеп, спецификасын игеруге біраз уақыт, білім қажет болды. Қазақ киносы қайраткерлеріне жұмыста жетістікке жетіп жəне ұлттық кино өнердің дамуын қамтамасыз ету үшін əрдайым шығармашылық ізденіс жүргізу қажет болды. Осындай ізденіс пен білімнің арқасында қазір еліміздегі киноиндустриясы көптеген жетістіктерге жетті. Бұған дәлелі,Қазақстан мен Еуропа кинорежиссерлері бірігіп түсірген «Көшпенділер», «Моңғол: Шыңғыс ханның көтерілуі» және Сергей Дворцевой түсірген «Қызғалдақ» қойылымдары көрермендер тарапынан оң бағаланған болатын. Алайда, ұлттық кино өнеркәсібінің өзінің даму барысында кино түсіру саласындағы жергілікті ескі дәстүрлер аясынан әрмен аттап үлгергенін айта кеткен жөн. Бұл киноиндустрия дала батырлары жайлы тарихи-эпостық кинохикая жанрының да ауқымынан асып,жетілудің жаңа жолына түсті. Режиссер Фархат Шәріповтың кинотеатрларда көрсетіліп, көрерменге қатты ұнаған «Алқызыл қоян туралы аңыз» атты фильмінің көрсетілімі Қазақстанның табиғи газ өндіру саласында жұмыс істейтін мультимиллионер алпауыттардың бетімен кеткен шолжаң балаларының өмірін бейнелейді. Ал режиссер Ахан Сатаевтың «Адасқан жан» фильмі –кең даланың шетсіз төсінде адасып кеткен отбасының тауқыметі туралы түсірілген метафизикалық триллер. Қазақстанда ел режиссерлері түсірген кинофильмдер көбейіп келеді. Кино түсіру саласына жұмсалатын инвестициялар көлемі де артып жатыр. Ұлттық кинематограф Еуропа,Азия және Америкадағы өнер орталықтарынан серіктестерді көптеп таба бастады. Мамандардың айтуынша, соңғы үрдіс болашақта елдегі кино өнеркәсібінің көптеген табыстарға жетуіне жол ашады. «Біз бұл елде мықты серіктес пен өз өнеріне дүйім әлем жұртын тәнті ете алатын режиссерлердің жас буынын таптық. Бұның бәрі Қазақстанды расында да қызықты ел етеді»,- дейді ресейлік Анна Качко. «Қазақстан кино өнеркәсібі осыншама ықылас пен көп қайратқа ие екенін танытты. Ол алдағы уақытта да дүниежүзілік кинокөрермен аудиториясының назарына ілінбей қала береді деп айтуға дәтің шыдамайды»,- дейді «The Screen Daily» сайты. Қазір Қазақстан кино түсіру саласы жағынан АҚШ,Ресей,Үндістан,Оңтүстік Кореядан кейінгі 5 орында деп айтуға болады. Яғни бұл дегеніміз ұлттық кино өнеркәсібінің қарқынды дамып келе жатқандығының дәлелі. Қазақ киносы – қазақ тарихы. Өшпес із қалдырар мәдени мұра. Ертеңгі күнге бүгіннен естелік.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама