Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 12 сағат бұрын)
Қазақстандағы туризм саласы

Туризм – бүкіл әлемдегі табысы жоғары салалардың бірі болып саналады. Туризімнің елдегі халықтың тұрмысын жақсартудағы, экономикалық қуатты арттырып, жұмыссыздықты азайтуға деген тигізетін үлесі ерекше зор. Қазақстан Республикасын табиғаты керемет қалалар мен қорықтарға толы. Мемлекетеміз жер аумағы бойынша әлем елдерінің арасынан 9 - орынды алады. Сонау кең-байтақ жердің барлығы табиғатқа өте бай. Қазақстанның әр өңірінде туристтерді баурап алатын табиғаты керемет жерлер- таулар, жазық далалар, ормандар, өзендер мен көлдер бар. Археология, тарих және сәулет ескерткіштері Қазақстанда көптеп кездеседі. Жалпы Қазақстан аумағында 12 ұлттық табиғи парк және 10 қорық бар. Негізінен, елімізде туристтік сала 20 – ғасырдан бастап пайда болған. Сонымен қатар, Қазақстан - емдік-сауықтыру туризмі үшін де өте лайықты болып саналады. Оның себебі табиғи емдік ресурстарды белсенді қолдануында дей аламыз. Ыстық бұлақтар, емдік қасиеті бар батпақтар, климат секілді ресурстар арқылы кеңінен танылған. Қазақстанда қымыз терапиясы, минералды суларды пайдалану қолданылады. Сонымен бірге заманауи құрылғылармен жабдықталған шипажайлар бар. Қазақстан Дүние жүзі туристік ұйымының мүшелігіне 1993 жылы енген болатын. Жалпы туризімнің салалары көп болып саналады. Қазақстанда туризмнің барлық түрін дамытуға жағдай толығымен қамтамасыз етілген. Қазақстанның әр өңірінің ауа райы бір-бірінен өзгеше болып келеді және бұл жағдай  Қазақстанда жыл бойы туризм шаруашылығын жүргізуге өте тиімді. Қазақстан аумағында Бурабай, Баянауыл, Марқакөл, Катонқарағай, Қарқаралы, Алатау, Хан Тəңірі баурайы, Түлкібас, Шарын шатқалы, Сақ қорғаны, Маңғыстау түбегі сияқты ғажайып жерлер де, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Айша бибі, Арыстан баб кесенесі сияқты тарихи мұралары да көп. Шыңға шыққысы келетін немесе тауға өрмелеуді қалайтын туристтерді қамтамасыз етуге Қазақстанның мүмкіндігі мол. Мәдениет, салт-дәстүр тұрғысынан, қазақ ұлтының бай салт-санасымен, дәстүрімен, ұлттық ойындарымен де қонақтарға керемет әсер қалдыруға болады. Алайда Қазақстанда туризм саласы лайықты даму деңгейіне жете алмай отыр. Үкімет басшылары туризмді дамытудың түрлі жоспарын жасағанымен, еліміздегі туристік орындардың біразының жағдайы аса керемет емес. Сонымен қатар, елімізде саяхатшыларға туристік орындарды таныстыратын мағлұматтар көп емес. Жалпы алғанда халқымыздың азаматтары көбінесе ішкі туризімді қолдамайды. Барынша шет елге шығып демалғанды дұрыс деп есептейді. Мұның өзі туризімнің аса дамымауына үлкен себеп болып табылады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама