Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 сағат бұрын)
Айбынды "Ақ босаға"

Қазақ баспасында өзінің орынын қалыптастырып, біршама оқырманның ыстық ықыласын алып үлгерген "Ақ босаға" газетіне әне-міне дегенше іргелі 30 жыл толып отыр. Қазақ отбасыларының бисаяси басылымы, отбасына оның ішінде нәзік жандылардың білім көкжиегін кеңейтетін кішігірім мектеп есебінде болды. Газет алғаш 1991 жылдың 7ақпанынан бастап оқырманға жол тартты. Редакторлық тізгінді отыз жылдан бері Шолпан Ұғыбайқызы ұстап келеді. Газет өте қызықты, оқуға жеңіл. 2000 жылдардағы тиражы шамамен 43900 жуықтағанынан ақ сұранысты білуге болады. Сол кезеңдегі айдарларына назар салатын болсақ, газетті басқа қырынан танып, біраз дүниеге қаныға түсеміз. «Бой жеткендер бұрышы» айдарында қыз келіншектерден келіп түскен ой-толғамдар жарық көрген. Осы ретте"Қызбен жүру «мода» ма?", "Сезімім суып барады", "Махаббат деген далбаса" секілді матералдар жарық көрген. "Келіншектерге кеңес" бөлімінде сән, дастархан жаю үлгісі тағыда басқа түрлі пайдалы да нанымды ақпараттар басылған. «Замана», «Махаббат. Тағдыр. Мехнат»-бүгінгінің ақпары, «Әдемілік еншіміз», «Қал қалай құрбы?», мотивациялық, сырласу, танымдық дәйектер, «Бала десек. . . », «Қызым саған айтам. . . »-бала тәрбиесіне арналған. «Кіндік шеше», «Абысынға айтар наз»- аналарға арналған. «Мың тыж-быж»-тың ақпарат, «Орда бұзған оғландар»-танымал ер азаматтар өміріне шолу. Бір қызығы тіпті «Оңаша отау», «Ұят-ай» секілді айдарлар кездескен. «Оңаша отауда» әйел азаматшалар өздерін толық таныстыра кетіп, екінші жартыларын іздейтінін жазады, ал көңілі түскен ер азаматтар редакцияға хабарласып ұялы-телефон нөмірін алып әрі қарай таныстық жалғастыра алған. «Ұят-ай» айдарында мазалап жүрген, айтуға қысылатын сұрақтар жарияланған. Сұрақ жария болып ғана қоймай, сұрағына қарай маман немесе редакциядан кері байланысқа шығып болған. Осыдан-ақ басылымның оқырманмен тығыз байланыста болғанын, тіпті айдарлар арналғанынан аңғаруға болады. Кез-келген дүниені ерек қылатын ол соған ғана тән ерекшелік. Сол секілді әрбір баспа өз айдарымен, бағдарымен ерекшеленеді. Осы ретте "Ақ босағаны" 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Еңбектеріңіз ақталып, өркендеп, өсе беріңіздер!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама