- 30 қар. 2016 00:00
- 256
Қазақстандық оқушылар математика мен жаратылыстану ғылымдары бойынша ТОП-10-қа кірді
Қазақстандық 4-сынып оқушылары математикадан жетінші және жаратылыстану ғылымдарынан сегізінші орынды иеленді.
Мектептегі математика мен жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру сапасын халықаралық мониторингтік зерттейтін TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) құрамына 57 елдің оқушылары кірді. Халықаралық білім жетістіктерін бағалау қауымдастығы өткізетін (IEA) - TIMSS - Математика мен жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру сапасына баға беретін халықаралық зерттеу аясында 4-ші және 8-ші сынып оқушыларының, сондай-ақ математика мен физиканы тереңдетіп оқитын 11- сынып оқушылары математика мен жаратылыстану ғылымдары пәндері бойынша жалпы білім беру дайындығына баға беріледі.
IEA көрсеткен 2015 жылғы соңғы бақылау жұмысының нәтижесінде, қазақстандық 4-сынып оқушыларының математика (544 балл) және жаратылыстану (550 балл) бойынша нәтижелері TIMSS халықаралық шкаласының орташа ұпайынан асып тұр. Қазақстан АҚШ, Финляндия, Германия және тағы басқа елдерді басып озған.