Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
ҰБТ-ны он рет қайта тапсыру мәселесі қаралып жатыр

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суxанбердиеваның айтуынша, алдағы уақытта ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру мүмкіндіктерін барынша арттыру жоспарланып отыр. Себебі «бала бірден ашылмауы мүмкін».

«Бұрын ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпегендер көп шулады. Қазір тестті бір рет тапсыра алмасаң, екінші рет өтуге мүмкіндік бар. Екінші рет өтпесе де, жарты жыл дайындалуға болады. Сосын жоғары оқу орнына түсе аласыздар. Негізі, бүгінде білім министрлігі осы мәселені жан-жақты зерделеп, Америка мен Англиядағы SAT сияқты тестті 9-11 рет тапсыратындай жағдайды қарастырып отыр. Себебі әрбір баланың тестті қайта тапсыруға құқығы бар. Бала бірден «ашылмауы» мүмкін. Ол алаңдайды, қобалжиды және тағысын тағылар. Сондықтан оған тестті тапсыруға бірнеше мүмкіндік берілуі керек», - деді вице-министр Республикалық жастар форумының білім беру саласына арналған пікірталас алаңында.

Э.Суxанбердиеваның айтуынша, министрліктің негізгі мақсаты - 2020 жылға дейін жоғары білімі бар азаматтардың санын 35 пайызға жеткізу.

Айта кетейік, келесі жылдан бастап, ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы енгізіледі. Оған сәйкес, мектепті бітіргеннен кейін бөлек емтиxан қабылданады. Соның нәтижесі бойынша орта білім туралы аттестат беріледі. Ал, жоғары оқу орнына түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру қажет.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама