Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақтың ақбас сиыры

Қазақтың ақбас сиыры — ет бағытындағы тұқым. Қазақстан мен РСФСР-дың оңтүстік-шығыс аудандарында қалмақ және жергілікті сиырларды герофорд тұқымымен будандастырып, үшінші ұрпақ будандарын бірыңғай өсіру арқылы шығарылды. Жеке тұқым ретінде 1950 жылы қабылданды.

Жайылымға жақсы, тез ет алады. Ыстық-суыққа төзімді. Денесі ықшам, сүйегі берік. Сирағы қысқа, төртбақ, мойны қысқа, жуан, жонды, кеудесі кең, төсі салыңқы. Шоқтығының биіктігі 124—125 см, тұрқы 152—156 см, жіліншілігінің орамы 18—20 см. Жайылымда семіртілген өгізшелердің сойыс шығымы 63—67%. Шығыс Қазақстан, Семей, Орал облыстарының шаруашылықтарында аудандастырылған.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама