Қазақтың көне салт-дәстүрлерін қайта жаңғырту
Бағыты:
Секция: Этномәдениет
Тақырыбы: Қазақтың көне салт - дәстүрлерін қайта жаңғырту
Кіріспе
1. Ата салтың – халықтық қалпың
Ата дәстүрін ардақтау – қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені, содан соң атаны, ата - бабаны құрметтеп, солардың алдында ұрпақтық қарыздарды өтеу – кейінгі ұрпақтың міндеті. Ол ұрпақтық борыштар: ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата дәстүрлерін құрметтеп, одан әрі ол дәстүрлерді жалғастыру, адамгершілік қағидаларды қалтқысыз орындау болып табылады. Тәуелсіз мемлекетімізде ата - бабамыздан қалған қазынаның бірі салт - дәстүрлерді ұмыту мүмкін емес. Ендеше осы елдің ертеңі жасөспірімдерге салт - дәстүрімізді насихаттай отырып, ғасырдан - ғасырға жалғасып келе жатқан тәрбие көзін мақсат ету.
Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы қазақ халқының салт - дәстүрі болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет - ғұрыптар, салт - дәстүрлерге халықтың өмірінде қалыптасқан салт - дәстүрлер салт - сана болып қалған. Халықтың салт - дәстүрлері, рәсімдер мен жөн - жоралғылар, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады. Қазақ халқының салт - дәстүрлері осы ұлттың мінез - құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт - дәстүрлер мен әдет - ғұрыптар сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезі, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып келеді. Қазақ «Ат тұяғын тай басар» деп кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын, ұмытпауын талап етеді.
Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет - ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан - ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.
Дәстүр – ұрпақтан - ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез - құлқының, іс - әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата - ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әдептілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.
Қасиетті қазақ халқының салт - дәстүрлері өте көп. Қазіргі кезде ұмытылып бара жатқан салт - дәстүріміздің бірнеше түрлерін іздеп, соны сіздерге ұсынып отырмын.
«Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір - қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тыңдар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс - тіршілігіндегі керемет салт - ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ. Қазақ халқының дәстүрлерінің барлығы дерлік қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата - ананы ардақтау, әйелдерді аялау т. б., ізгі қасиеттерге баулиды. Халықтық жақсы дәстүрлерді ешбір ұлы адам аттаған емес, әрбір жас дәстүрді қорғаушы, орындаушы әрі дамытушы болғай – ақ.
2. Ұлттық код
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаңғырған қоғамның тереңнен бастау алатын рухани коды болатыны айтылады. Сондай - ақ, мақалада ұлттық рух пен ұлттық сананың кемелденуіне, ұлттық салт - дәстүріміз бен тілімізді, мәдениетімізді сақтауға, бағалауға, дамытуға баса назар аударылады.
Құндылықтар дегеніміз – ұлтты ұлт ететін қасиеттер. Президент өз мақаласында ұлттық рухани код туралы жазды. Бұл «қазақты қазақ ететін қандай құндылықтар, қандай мәдениеттің бағыттары» деген сөз. Біз тек тамағымыздың тоқтығына мәз болмай, рухымыздың күштітлігіне, қадір - қасиетіміздің молдығына бүгін мән беруіміз керек. Адамға тек жұмыс күші, материалдық өндірісті игіліктерді шығаратын тұлға деп емес, қоғамның маңызды күші, рухы биік тұлға, рухы биік қазақ, рухы биік Қазақстан мемлекетінің азаматы деп қарауымыз керек» деген ойын білдіреді.
Елбасы мақаласында жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық - рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайтыны айтылған. Ұлттық код туралы сөз қозғалғанда ұлттық таным - түсінік, әдет - ғұрып, салт - дәстүр де назардан тыс қалмауы керек. Өйткені, біздің әдет - ғұрпымыз күнделікті тұрмыс - тіршілігімізбен біте қайнасып жатыр. Салт - дәстүрімізде көрініс тапқан ғұрыптық жоралғылар түптен келгенде тәрбиемен ұштасады. Осы жерден қазақтың мәдени кеңістігінің қаншалықты кең екенін көруге болады. Мәдениет бар жерде, әдебиет те бар, әдебиет бар жерде өмір де болады. Мемлекет басшысы: «... Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» дейді өз мақаласында. Менің өз жобамда айтқым келгені де осы.
2. 1. Ұлттық салт – дәстүрлердің көне түрлері
Жұртшылық. Біреуден көп қарыз алып, кейін оны өтей алмайтын жағдай да болады. Бірақ – ар ұяты бар адамдардың алған қарызын өтемей кетуі ел ішінде мүлде болмайды және бүкіл ел – жұртқа, руға, ағайын алдында үлкен мін саналады, бетке басылады. Міне, осындай жағдайға ұшыраған адамды жұрт алдында шығарып ұялтпай – ақ ел ағалары мен ақсақалдары бас болып, ағайын – туыстар бірлесіп, жалпы көпшіліктен көмек сұрайды, қаржы, мал жинайды. Бұған барлық жұрт, көпшілік қатысатын болғандықтан осы қайырымдылық дәстүр «жұртшылық» деп аталған. Қайырымды қазақ елі бұдан бас тартпаған, жұрт болып жұмылған.
Асату. Оны С. Мұқанов өзінің «Халық мұрасы» деген кітабында кең насихаттап жазған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бастағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында жүретін - ді.
Аяғына жығылу. Кешірім сұраудың ең үлкен, кішіреюдің ең ауыр түрі – осы ғұрып. Оны орындағанда айыпты адам жанына абыройлы, қадірлі кісілерді ертіп алып, тиісті адамның үйіне рұқсат сұрап кіріп, кешірім сұрайды. Айыбы үлкен болса, айыпкер өзі кінәлі болған адамның аяғына жығылып, оны құшақтаған қалпы жылап, кешірім сұрап, жалынған. «Аяғына жығылу» - әрі ғұрып, әрі жазаның бір түрі.
Бәсіре атау. Ежелгі әдет - ғұрыптардың бірі. Ата - анасы баласына арнап жас төлге ен салады да оны «бәсіре» деп атайды. Бәсіре аталған төл өскен соң сол баланың қажетіне, тойына жаратылады. Оны ен салып, малды таңбалаумен шатастырмау қажет.
Босаға майлау. Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған - туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.
Жұмалық. Бұрындары дәріс алып жүрген шәкірттері жұма күні молдасына сыбағаға ет, қымыз, май, құрт әкелетін болған. Оны халық жұмалық деп атап кеткен.
Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл - қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі - үш адам бірге барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.
Қорықтық құю. Ол – емдік ғұрып. Ауырған адамның төбесінің үстіне (басына тигізбей) май құйылған табаны әкеліп, екінші бір ыдыста қорытылған сұйық (ыстық) қорғасынды оның үстіне құйып кеп жібереді. Сонда «шар» етіп кішкене қорғасын сұйығы бір бейне қалпына түседі. Емші соған қарап ауруға «Сіз иттен немесе адамнан, жыланнан қорыққансыз» дегендей болжам айтып, ауруды жазылатынына сендіреді.
Мойнына бұршақ салу. Ертеде баласы жоқ адамдар мойнына көгеннің бұр шағын салып Аллаһ Тағаладан перзент сұрап жалбарынған, жылаған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ғана салады.
Сауын айту. Бір ауылда, елде үлкен ас, үлкен той болатын болса, алдын - ала (бірнеше ай, бір жыл бұрын) жан - жаққа хабар жіберіліп, адамдарды соған шақырады. Бұл сауын айту. Яғни, әр жүз, әр ру мұндай асқа қымызын, малын ала келіп, батыр, балуан, ақын, әнші, күйшілерімен өнер көрсетіп, бәйгеге жүйрік аттарын қосып, астың, тойдың жақсы өтуіне жан - жақты қолдау көрсетеді. Жиынға қымыз әкелгендердің ыдысына сойылған малдың жіліктерін салып жібереді. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабында: «Мырза өз әкесі Өсекеңе ас берем деп, Көкшетауға сауын айтып, елді жиды ғой» деген сөздер бар.
Сүйек жаңғырту. Бұрындары құда - құдағи болған жақтар қайтадан қыз алысып, қыз берісіп құдалықты одан әрі жалғастырса, оны сүйек жаңғырту дейді. Бұл салт қыз бен жігіттің келісімімен қазір де жасалып жүр.
Аунату. Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қонсын» деп балаларын аунатып алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған туған жеріне келгенінде халық, туған - туыстары, дос жарандары оны сол жердің топырағына аунатып алған. Шыңғыс Айтматов үйіне Мұхатр Әуезов келгенінде, ол отырған орындыққа ұлын аунатып алған көрінеді.
Ат тергеу. Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет - ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша келіндер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын - сіңлісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынандай: «Мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым». Жеңгелері қайныларына әзілдеп, бойлары тапал болса «сұңғақтым», жайбасар болса «жүйрігім» деп те ат қояды. Ер адамдар да өзінен үлкендерді Мәке, Сәке деп құрметтейді. Белгілі жазушы Досай Кенжетайдың мына бір әңгімесі нақ өмірден алынған. Ол кісі былай дейді: «Ақыры ауылды аңсайсың. Жеңгелер еске түсіп көңілдің босап кететіні бар. Айдарлыда А. Иманов атындағы орта мектепте оқимын... Кемпірдің баласы болған соң ба жеңгелерім атымды атамай: «әй бала», «мырза бала», «би жігіт» деген дүрдей атағыммен шақыратын. Жеңгелерімнің көбісі мектепте мұғалім еді. Бір күні аталас әулеттің келіні, маған жақын жеңге Мансия апай Зұлпыхар деген ағамның бәйбішесі, басқа көршілес ауылдан көшіп келіп мектепке орналасты. Көшіп келмей тұрып та біздің үйдің барлық жиын тойында араласып, келін болып, қызмет жасап «әй бала» деп жүретін. Сабағы математика, бір күні маған қарап «Кенжетаев Досай» тақтаға шық!» демесі бар ма?! Мұнысы әбден кемпірдің баласы болып «радикалды идеологиямен» тәрбиеленген маған ұнамады. Ана жерде булығып: «Әй, арғынның қызы, атамның атын неге айтасың» деп салғам ғой. Содан тақтаға емес бірден сыртқа, одан тіке үйге тарттым. Болған мән жайды әжеме жайып салдым. Артынша кешке Зұлпыхар ағам мен Мансия жеңгем келіп орамал, матасы бар, әжемнен кешірім сұрап құтылды.
Міне, осы салтымызды ұмытпаудың, оны заманға сай жетілдіре түсудің отбасына арналаған бағдарламаларда тұрақты еске түсіріп, жаңғыртып отырудың маңызы зор екенін білдім.
Ерулік беру. Ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған - туыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші - көлемі немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді. Бұл салтты ерулік деп атайды. Осылайша қазақтар танысын, танымасын бір - бірін бөтенсімей, өз ортасына тарта білген.
Еру – «Еру отырған ауыл көшіп келіп керегесін жаймай, жаппаның астында жатқан ауылға ерулік бермесе үлкен ұятқа қалатыны ертеден келе жатқан салт». Көшіп бара жатқан үй ұзақ жолда өздері де, ат - көлігін де тынықтыру үшін жолда отырған бір ауылдың жанына келіп 1 - 2 күн аялдайды. Үй тікпей абылайшылап (шаңырақты уықпен көтеріп отыру) немесе жаппа тігіп (керегелердің басын қосып) отырады. Көшулердің мұндай аялдауын «еру» дейді. Осындай кезде ауыл адамдары келіп, сәлемдесіп, жөн сұрасады. Оларды «ерулікке» шақырып, қонақ етіп, риза қылып, жолға шығарып салады. Егер еру көштің иесі 4 - 5 күн отыратын болса, «ерулікке - қарулық» деп бір қойын сойып, ауыл үлкендерін шақырып, батасын алады. Бұл салтта еліміздің бірлігі мен адамгершілік, сыйластық белгісі жатыр.
Көрші – қонысы ортақ, етене араласып, күнделікті жүзбе - жүз кездесіп, аман - саулық сұрасып жүретін кісілер. Қазақ халқы «көршіні Құдай қосады» дейді. Жаңа орынға көшіп келісімен ерулік беріп, қоныс тойын жасау дәстүрінде де ең әуелгі ниет - көрші қолаңдармен танысу болған. «Адам күні - адаммен» демекші, күнделікті өмірде әркім - ақ көршіні қажетсінеді. Өйткені, бір іс туып қиналғанда, бір нәрсе қажет болғанда ең алдымен көршілерден көмек сұрап жатамыз. Көршімен сыйластық - елдің сыйластығын, көршімен татулық - қоғамның татулығын ұқтыратындықтан, ислам діні көршімен жарасымды сыйластықта болуға шақырады. «Алыс туыстан жақын көрші» артық деп бекер айтпаған.
Айрылысар көже - көрші қонғанда «ерулік» беріп, қыстай немесе жаздай бірге отырған, сыйласқан отбасылар қоныс аударып бөлінген жағдайда олар енді «айрылысар көжеге» шақырады. «Көже» деп сыпайылап атағаны болмаса сыйлы, сыбағалы табақ тартылады. Олар бір - біріне ризашылығын білдіріп, «ұрыспай айрылған ұялмай қосылар» деп тағы да аман - сау қосылуға тілек білдіреді. Бұдан олардың бірін - бірі сыйлау, қимастық көңілдері көрінеді. «Айрылысар көже» – адалдық әрі әдемі дәстүр.
Белкөтерер. Тоқсан көремін деген жасым ба еді, быламық ішейін деген асым ба еді, деп баяғы қариялар айтқандай жасы жеткен адамдар тісі болмаған соң тамақ жей алмайды. Ал, әлгі кісілерге жақсы тағамдар қажет. Мұндай жағдайда осындай адамдарға арнап «белкөтерер» деген тағам арнайы дайындалады. Бұл әрі жұмсақ, әрі дәмді, нәрі мол қазы, жент, сарымай, қымыз, ақ ірімшік, бал тағы сол сияқты тамақтардан әзірленеді. Мұны балалары, көрші – қолаңдары, сыйлас кісілер әдейі дайындап әкеледі. Бұған өте риза болған қарттар батасын береді.
Б. Амалбеков атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебі (РО)
Жобаның авторы: Аманжол Айым
Жетекшісі: Мухаммеджанова Нургул Рамиловна
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазақтың көне салт-дәстүрлерін қайта жаңғырту. жүктеу