ult.kz
- 31 мам. 2026 12:02
- 24
«Перденің артында пышақ ұстап тұрды»: Мұхтар Шахановқа қастандық жасалмақ болған ба?
Қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шахановтың 40 күндік асына қатысқан адвокат Мейірман Шекеев, оның ұлт мүддесі жолындағы күресі мен басына төнген қауіптер туралы естеліктерімен бөлісті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шахановтың басты мақсаты – ұлт мүддесі
Мейірман Шекеевтің айтуынша, көпшілік Мұхтар Шахановты ақын, композитор және қоғам белсендісі ретінде білгенімен, оның ең басты мақсаты – қазақ халқының мүддесіне қызмет ету болған.
Мәскеудегі қауіпті ескерту
Адвокаттың сөзінше, Мұхтар Шахановтың жары Ханшайым апайдың естелігінде, бір сапарында Мәскеуде сырқаттанып, Кремль ауруханасына жату ұсынысын алған. Алайда, беймәлім адам телефон арқылы ескерту жасап, егер ауруханаға жатса, аман шығуы екіталай екенін айтқан. Осыдан кейін Мұхтар Шаханов Қазақстанға шұғыл оралып, қауіптің бетін қайтарған.
Түнде перде артындағы пышақ
Мейірман Шекеев тағы бір оқиғаны баяндады. Мұхтар Шаханов Алматыдағы №7 ауруханада жатқан кезінде түнде перде артынан пышақ ұстаған адамды көргенін айтқан. Адвокаттың пікірінше, осындай оқиғалар кейіннен Мұхтар Шахановтың Қырғызстанға елші болып тағайындалуына да әсер етуі мүмкін.
Ұлттық мүдде жолындағы табандылық
Шекеевтің айтуынша, Мұхтар Шаханов қандай қысым көрсе де, ұлттық мүдде жолындағы ұстанымынан ешқашан айнымаған. «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде бекітілуі жолында Мұхтар ағаның еңбегі зор болды. Ол өз көзқарасын ашық айтып, ұлт мүддесін қорғауда батылдық танытты», – деді адвокат.
-
Renowned lawyer Meirman Shekeyev shares chilling details of alleged threats against public figure Mukhtar Shakhanov, highlighting his unwavering dedication to national interests.