Photo: Валерій Волинський (https://www.pexels.com/@2158518894) / Pexels
- 31 мам. 2026 13:30
- 21
"Маскадағы адам" кім? Димаш Құдайберген болуы мүмкін бе? Елді елеңдеткен жаңалық
Қоғам белсендісі Азамат Ерғали әлеуметтік желідегі парақшасында ел арасында қызу талқыланып жүрген "Маскадағы адам" туралы өз болжамын жариялады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Белсендінің пікірінше, мұқтаж жандарға миллиондап көмек көрсетіп жүрген белгісіз қайырымды адам – әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген болуы ықтимал.
"Маскадағы адам – меніңше, бұл біздің Димаш Құдайберген сияқты. Ал сіздер қалай ойлайсыздар?" – деп жазды Азамат Ерғали.
Бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Кейбір оқырмандар белсендінің болжамын қолдап, “шынымен де Димаш болуы мүмкін” деген пікір қалдырды. Ал енді бір бөлігі нақты дәлел болмай тұрып, мұндай тұжырым жасауға асықпау керектігін айтты.
Қазірге дейін "Маскадағы адамның" кім екені ресми түрде жарияланған жоқ. Соған қарамастан оның қайырымдылық істері мен мұқтаж жандарға көрсеткен көмегі көпшіліктің назарын аударып келеді.
Желі қолданушылары белгісіз қайырымды жанның кім екенін анықтауға тырысып, түрлі болжам айтып жатыр. Дегенмен көпшілік үшін ең маңыздысы – оның аты-жөні емес, қиын жағдайдағы адамдарға шынайы көмек көрсетіп жүргені.