Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақтың ұлттық тілінің шығу негізі мен қалыптасу жолы
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тілінің шығу негізі мен қалыптасу жолы
Қазақ тілі 9 - сынып
Тренинг өткізу: Сабақ басында оқушыларды топтардың атын тарату арқылы 4 топқа бөлінеді.
1 - топ М. Қашқари«Диуани лұғат ат - түрк»
2 - топ Ж. Баласағұн «Құтты білік»
3 - топ А Иассауи «Даналық кітабы»
4 - топ А Йүгінеки.«Ақиқат сыйы»

Кіріспе сөз. Қазақ тілінің қалыптасуы қазақтың ұлт болуымен тікелей байланысты. Қазақ халқы өзінің ұлттық тілін «Ана тілі» деп те атайды. Ұлттың өмір сүруінің кепілі - тіл, ал ұлттың оның тілінің пайда болып қалыптасуы өте ұзақ тарихи құбылыс. Солай екен біздің қазақ тілінің тарихы тереңде жатыр. Тіліміздің тарихына көз салу мақсатында бүгінгі сабағымызды ұсынамыз.
«Тілім мақтанышым» бейне жазба

3) Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық тілі өзінің ішкі құрылымы жағынан халық тілінің мұрагері екендігін білгізу, оқушылардың сауатты болуына, грамматикалық талдауларды жүйелі жасауына ықпал ету, сыни ойлауға итермелеу. Қазақ тілінің орны мен қазақ халқының әдеби тілі екендігі жайлы, мемлекеттік тіл екендігін ұғындыру. Әр алуан міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты өз бетінше ізденуге дағдыландыру.
Міндеттері: 1) Оқушыларды өз ойын жинақтай алуын, еркін жеткізуін, белсенділігі мен іздемпаздығын дамыту, сабақта алған білімдерін, тиімді қолдана білуін дамыту.

4) Қызығушылығын ояту. Тренинг арқылы, сұрақ - жауап барысында
5) Мағынаны тану:
Үй тапсырмасын қайталай отыра жаңа тақырыпты ашу. СТО - бойынша жұмыс ұйымдастыру, сұрақ - жауап.
Топ құру. тақырып бойынша топтарға мәтінді бөліп беру, сол мәтінді топ ішінде талқылап, суретін салу, сынып алдында қорғау. Топпен бағалау, кері байланыс.

Эссе жазу. 5 - 6 сөйлемнен тұратын.
1. «Тілдің адам өміріндегі маңызы»
2. «Ұлт – тілімен ғана танылады.»
3. «Қазақ тілінің шығу тегі»
4. «Үш тұғырлы тіл жайлы»

1 - тапсырма Мәтінді кітаптан оқып, талдап, суретін салу
1. «Қазақтың ұлттық тілінің шығу негізі мен қалыптасу жолы»
2. «Түркі халықтарының жазба ескерткіштері жайлы»
3. «Құпия жазулар туралы»
4. «Күлтегін ескерткіші»

2 - тапсырма:
«Қазақ тілі – еліміздің мемлекеттік тілі»
1. Фонетикалық талдау
2. Морфологиялық талдау
3. Өлең шығару
4. Ойтолғам жазу

9) Қорытындылау.
Бейне жазба «Тіл туралы»

Ақмола облысы, Аршалы ауданы,
№3 Аршалы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Саржанова Айниса Мамановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама